Кударова Анар Зинешевна
Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер жобасы аясында
«Денсаулық-адамның ең қымбат байлығы» атты қалалық семинар
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық-байлықтан қымбат»
Мақсаты:
Білімділік – жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық — сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік— денесін шымдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, құрастырмалы үй нақыл сөздерт.б.
Мұғалім: Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген екен. 2018 жыл Атыраулықтар үшін «Саламатты өмір салты жылы» болып бекітілді.
– Олай болса, құрметі қонақтар, ұстаздар саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық-байлықтан қымбат» атты ата-аналармен білескен ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолынізде» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаған. Адам – өз өмірінің суретшісі, денсаулығының сақшысы. Кейде жалқаулығымыздың кесірінен денсаулығымызға немқұрайлы қарап, соңынан бармақ тістеп өкініп жататыныз бар. Денсаулық – теңдесіз байлық. Оны ешқандай дүниемен алмастыруға болмайды. Сондықтан денсаулығымызды күту – біздің ең бірінші міндетіміз
Мұғалім -Ой,балапандар сіздерге не болды?
Тауық-Ой масқара,ой масқара (бетін, басын ұстап жүгіріп жүреді). Менің балапандарым ауырып қалды.Не істемін?
Мұғалім-дәрігер шақыру керек
-Бәріміз бірге Айболит дәрігер деп шақырайық. Келмеді, не істесек болады? Дәрігерге телефон соғып шақыру керек. Жедел жәрдем номері неше?
-103, рахмет!
-Алло, алло дәрігер
Айболит –Сіз қайдасыз?Тезірек келіңіз, тауықтың балапандары ауырып жатыр.
Дәрігер –жақсы, келемін.Тауық не болып қалды?
Тауық–білмеймін не болғаның мына балапаным түнімен ішім деп шықты.
Мирас -ай,ай ішім қатты ауырып барады. Мен газдалған шырынды көп ішіп қойдым. Анашым көп ішпе деседе, тыңдамадым.
Дәрігер -қазір тыңдап көрейін, массаған іші бүркіл деп тұр екен, қазір қызуын өлшейін. Кел мында отыр
Тауық— тағы баласын көрсетеді.
Айкөркем Ж-Ай, ай ауырып барады. Мен алманы жумай жедім.
Дәрігер -қызуынды өлшейін отыра ғой. Тауық мына балаларынды неге мұқият қарамайсың?
Тауық -мен бәріне қайдан үлгерейін (екі балапанды апарады)
Балапандар — біздердің қарнымыз жарылайын деп тұрған сияқты, қатып қалған сиықты.
Дәрігер -сендер не жеп қойдыңдар?
Балапандар –біздер, біздер (бастары салбырап тұрады) біздер сабақтан шыққан соң дүкеннен чипсы мен сағыз сатып алдық. Мен сағызды жұтып қойған сияқтымын.
Дәрігер -мен барлықтарыңызға не болғанын білдім, қазір дәрі берейін.Т ауық мына дәріні өзіңіз қадағалап беріңіз. Балапандар бұл дәріні дәрігердің және аналарынның рұқсатыңсыз ішпеңіздер!
Алан: Дәрігер, мен сізге бізді емдеп бергеніңіз үшін жақсы ән айтып берейінші
Ән: Денсаулықты күтейік!
Дәрігер: Рахмет, енді мен ортаға өзімнің достарымды шақырайын. Олар да сіздер сияқты ауырды. Олар сіздерге тамақтану ережесін, дәрумендер және денсаулық сақтау үшін не істеу керектігін айтады.
Мұғалім— қош келдіңіздер! Мына балапандарға үйретіп жіберсеңіздер.
Қоян— Балапандар менде сіздер сияқты анамды тыңдамай, қызығып газдалған сусын іштім. Содан қатты ауырдым. Маған дәрігер Айболит көмектесті. Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ. Сондықтан дәрумендерге бай, аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. Мен сол сәбізбен қоректенемін.
Маймыл — Балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Сіздерге ұсынысым бананды көп жеңіздер. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді. Сүйектерді қатайтады. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар зәрмен сыртқа шығып кетіп отырады. Ал банан әсерінен керісінше кальций жиналып, сүйектерді қатайтуға қатысады. Бұл әсіресе кофе ұнататын адамдарға пайдалы, себебі біле білсеңіз кофе керісінше ағзадан кальцийдың шығарылуына септігін тигізеді. Айта берсем бананның пайдасы көп.
Кірпі -мен алманы жумай жедім. Соның кесірінен қатты ауырдым. Ішіме түрлі микробтар кеткен. Оны тек дәрігердің көмегімен емдедім. Негізі тамақтанар алдында қолымызды жуып және жемістерді жуып жеу керек. Ол өзіміздің денсаулығым үшін пайдалы. Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
Тауық -дәрігер сіздерге көп рахмет, менің балапандарым көп нәрсені ұққан сияқты.
Дәрігер -мен достармен қоса дәрумендерді де шақырып қойдым. Олай болса сол дәрумендердің қандай пайдасы бар, олар қандай жемістерде кездесетінін дәрумендердің өзінен сұрап өтейік
Дәрігер:
Витаминдер тірегің
АВСДЕ деп аласың
Жетіспесе бірі оның
Ауырып сен қаласың
Альбина:А
Мен болмасам егерде
Көзің жақсы көрер ме?
Жетіспесе ағзаңда
Бойың биік өсер ме?
Мен сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездесмін. Олар — сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Менің құрамында бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде ақтайсыздар.. Оларды ыстық сумен жумайсыздар. Менкөздің көру процесіне қатысады.
Жасмин: В
Менсіз жүйке шаршайды
Ашуланып кеп саларсың айқайды
Қан азайып әлсірейді жүрегің
Асқазаның қорта алмайды
Мен қиярда, қырыққабат құрамында боламын.
Нұрай:С
Мен болмасам бойыңда
Тісің дұрыс өспейді
Ішкен асың бойыңа
Жөнімен тарап сінбейді
Мен итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ, қарақатта, лимонда, мандарин
құрамында боламын.
Мадина: Д
Мен жетіспей қалғанда
Мешел болып өсерсің
Қаңқаң қисық болғанда
Өкіну мен өтерсің
Мен жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде балық майы құрамына боламын. Сүйектің минералдануы мен қатаюына көмектесемін.
Дәрумендер -Біздерді дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді (бірге)
Мұғалім —Рахмет, сіздерге
Маймыл -денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды. Сондықтан бәріміз бір серігіп алайық. Кәне, бәріміз бірге жаттығу жасайық.
Бәрі: «Денісаудың-жанысау» айтады.
Әділет: «Денсаулық» туралы оқиды
Мұғалім — Ал, балапандар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын.
— «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», — демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңіздер!. Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.