Home » Жаңалықтар » 1 — мамыр бірлік күні мерекесі тойлануда

1 — мамыр бірлік күні мерекесі тойлануда

1 — мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты № 20 ЖББ мектеп оқушылары ата-аналар назарына мерекелік концерт ұсынды.
Аталмыш мереке Қазақстанда жыл сайын тойланып келеді. Жалпы Қазақстанда бір шаңырақ астында 130 дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті, ынтымақ пен бірлігі жарасып өмір сүріп жатыр.

«Берекені көздеген ел — мерекелік тірлік жасаудан жалықпақ емес», олай болса бүгінгі «№ 20» мектепте өткен мерекелік іс-шара соның бір дәлелі. Таңғы сағат 10:00 де керемет әуенде ойнап, биде билеп мектеп оқушылары тамаша бір мерекені бастады. Ата-аналар мен мектеп үжымы осы мерекенің құрметті қонағы болды. Жиналғандар шатшадыман күйде оқушылардың қойған қойылымдарын, шырқаған әндерін тамашалап ризашылықпен қол соғуда.

Ынтымақ-бірлікте! Деп ұрандатқан оқушылар әртұрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киім ұлгілерімен ортаға шығып, сахнаға сән берді. Мектеп оқушылары бірнеше ұлт өкілдерінің Қазақстан деген киелі мекенде тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын тілге тиек етті. Татулығымыздың жарасып, қыз алысып қыз берісіп басқа да әдет-ғұрып салт-дәстүріміздің біте қайнасып кеткендігі жөнінде айта келе «Татулықпен бірлік мәңгі жасасын»! — деп өлең оқыды.
8 ші сынып оқушылары Батырлар биін билесе, «Алаш» тобы Жалғызым Қазақ әнін әсерлі орындады. Оқушылар көрініс те көрсетті, өлең де оқыды, Түрік биі «Байрамды» мың бұрала биледі.
   

Аталмыш мектеп директоры Гүлнар Жолдыбайқызы — Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Достық пен келісім, мақсатымыздың бірлігі Отанымыздың жарқын болашағының кепілі. Қазақстан шаңырағы астында бейбітшілік пен бірлік мәңгі жасасын! деп жүрекжарды тілегін білдірді. Балаларының өнерін тамашалаған ата-аналар да мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп риза болып тарқады.
   

Жалпы айтқанда бұл мерекенің мақсаты — ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый құрметін арттырып, татулықты бірлікті ортақ құндылықтарды насихаттау. Татулықпен бірлікті бірінші орынғға қойған халық үшін бұл мейрамның орны бөлек.

«BILIM AINASY»,
Жұлдызай Елеусізқызы,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.