Түркістан облысы
Шардара ауданы
Достық ауылы
«Достық» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Изтұрғанова Ұлбосын Өтежанқызы
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар бірегей іс-шаралар қолға алынғаны белгілі. Сол маңызды шаралар қатарында – Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен колледждер, жалпы орта мектептер қашықтықтан оқыту түріне көшірілетіні де айтылған болатын.
Менің ойымша, қашықтықтан оқытудың білім алушыларға жаңа мүмкіндіктерді алып келетіні рас. Жалпы бұл жүйе өзге мемлекеттерде ертеректе жүзеге асқаны баршамызға белгілі. Кейбір елдерде ата-аналардың қашықтықтан оқыту мен мектепке барып білім алуды таңдауына да болады. Бұл жаңа жүйеде баланың өздігінше білім алып, сабаққа дайындалуына мүмкіндік көбірек. Бірақ бәрібір де балаға мұғалім мен ата-ананың қадағалауы қажет. Сондықтан қашықтықтан оқыту жүйесі жоғарғы сынып оқушылары мен мектептен кейінгі білім беретін колледждер мен университет студенттеріне ыңғайлы деп ойлаймын. Ал бастауыш сынып оқушыларына ата-ана мен мұғалімнің жардемі өте қажет. Себебі мен бір аптадан бері ата-аналармен кері байланыста болып, баламен тілдесіп отырдым. Негізі сөздің шындығына келетін болсақ, балаға көңіл бөлінбесе, оның сабағы да, тапсырмалар да жайына қалады. Осыған қарамастан балаларымыз жана технологияны меңгеріп, заман талабына сай оқу үрдісінің бастапқы тарауын үйренері хақ. Қашықтықтан оқудың бір пайдасы деп ойлаймын.
К.Д.Ушинский заман талабына сай, әрбір ұстаз өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды күнделікті білім беру барысында қолданса, өткізілетін сабақтың тиімді, қонымды болатындығын айтқан болатын. Сондықтан жаңа форматтағы қашықтықтан оқыту жүйесі тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес, ата-аналар мен оқушыларға да пайдасы бар. Еліміздің алдағы уақытта өркениетті мемлекеттер қатарынан көрінуі, білімді әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу заман талабына сай білім алудан, жаңашылдықтан бастау алатынын айтқымыз келеді.