Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытуда физикадан зерттеу жұмысын жүргізудің артықшылығы талқыланды

Қашықтықтан оқытуда физикадан зерттеу жұмысын жүргізудің артықшылығы талқыланды

Физика пәні мұғалімдеріне арналған «Физика пәні бойынша зерттеу жұмысының форматы бойынша оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру» атты ZOOM платформасында онлайн семинар өтті.

Семинарға мемлекеттік тілде білім беретін 28 физика пәнінің мұғалімі қатысты. Семинардың модераторы, білікті әдіскері Н. С. Сабитова іс-әрекеттің критерийлерін бағалау мәселелеріне, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату әдістемелеріне тоқталды. Жас педагогтарға «Өз тәжірибеңді қалай тарату керек?» қосымша-жаднамасы жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша материалдарды рәсімдеу және мазмұндау жөнінде ұсыныстар берді.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру формасы ретінде зерттеу жұмысын өткізу бойынша Кенжекөл мектебінің физика мұғалімі Әлібек Қалиасқаров өз тәжірибесімен бөлісті. Ол осы мәселе бойынша өз қызметінің тәжірибелік бағытын, ата-аналармен бірге зерттеу қызметіне уәждемесі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру туралы фото, видео материалдарды көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер зерттеу жұмыстарымен айналысатын физика мұғалімдерінің жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеу керектігі туралы ұсыныс білдірді.

Бақдәулет Нұрмат,
Павлодар облысы білім басқармасының
 баспасөз хатшысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.