Home » Мақалалар » БАЛАНЫҢ ОЙ-ӨРІСІНЕ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ

БАЛАНЫҢ ОЙ-ӨРІСІНЕ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ

ТЛЕУМБЕТОВА ГУЛЬМИРА,
Алматы қаласы, №13 мектеп гимназиясы.

     Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге  бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталган.

Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:

  1. белсенді еттер салмағының көлемімен;
  2. еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);
  3. жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.

Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар 

  1. статикалық және
  2. динамикалық болып бөлінеді. 

Дене жаттығулары оқушылар үшін ғана емес, дүниеге келген әрбір пенде үшін маңызды. Себебі, таңертеңгі жаттығу және маңызды тағамдар жеп иммунитетін жоғары ұстап жүрген жандар ауруға жол бермейді. Қазақта мақал бар «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын дол ізде», — деген. Міне осы мақал дөп айтылған. Дене шынықтыру тек қана адамның саулығына ғана емес, онығ ой-өрісі мен физиологиялық және психологиялық дамуына әсер етеді.

Мен қазіргі таңда Алматы қаласында №13 мектеп гимназиясында дене шынықтыру пәнінен оқушыларға сабақ беремін. Менің тәжірибемде оқуларымның спортқа деген қызығушылығы өте жоғары.

 Спорт арқылы намысты және жігерлі, шыдамдылықты үйренеді. Барлығының жіпке тізгендей, тәртіппен жасалса ғана нәтиже беретіндігін түсіне алады. Сонымен қатар балаларда өзіне деген сенімділік пайда болады. Сол арқылы оларға келесі күнге үмітпен қарайды.

Өздеріне ұстаздары мен ата-аналарынан қолдау көріп, өзіне деген мақсат пен меже қоя білгендн тұғырдан көрінетініне сенеді.

Баланың ойының дамуына мынадай факторларды атап өтуге болады;

  • Сенімділік
  • Жауапкершілік
  • Ұмтылыс
  • Биіктерді бағындыру
  • Өзіне құрметпен қарау

Спортпен айналысып, дене жаттығуын жасаған жандарға ауру да, басқа да жоламайды. Оқушыларымыздың өз ортасынан озып шығар оғлан борлғанын қаласақ біз оларға мотивация беріп отырайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.