Токаева Айтбиби Болатбайқызы
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп- лицейінің
Математика пәні мұғалімі
Жұқпалы дерттің таралуына жол бермеу мақсатында біздің елімізде де төтенше жағдай жарияланған еді. Осыған орай, көптеген мекемелер, оның ішінде білім беру орындары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Қашықтан оқу білім беру жүйесінде мүлдем беймәлім тәсіл емес. Жалпы білім беретін мектептерде болмаса да, арнаулы орта және жоғары білім беретін бірқатар оқу орындары қашықтан оқыту тәсілін қолданып келеді. Дегенмен де, төтенше жағдайға байланысты жалпы білім беретін мектептерде жаппай қашықтан оқытудың енгізілуі бірқатар қиындықтар мен проблемалар туындатты.
Мәселен, алғашқы кезде қолданылған оқушыларды zoom платформасы арқылы онлаин-сабақ түрінде оқыту оң нәтиже бермеді. Алғашқы сынақ сабақтарында бірқатар қиындықтар анық көрініп қалды. Бұл платформа шамадан тыс көп адам қосылған кезде баяу жұмыс істейтін болып шықты. Осыған орай, қашықтан оқытуға «Еларна» және «Балапан» телеарналары қол ұшын созды. «Балапан» телеканалының сайтында бейнесабақ көрсетіліп, мектеп.еду.кз сервисі арқылы тапсырмаларды жүктеліп алынады. Осылайша мектеп оқушыларына арналған 2 мыңнан астам бейнесабақ жинақталып, күн сайын белгілі уақытта балаларға ұсынылып отрылады.
Іңкар (7-ші сынып оқушысы): Қашықтан оқуға қазір жақсы бейімделіп қалдым. Сабақты телеарнадан қарап, көріп аламын. Егер үй тапсырмасын жазып үлгіре алмасам, планшетке бейнесабақты жазып аламын да, содан асықпай қараймын. Сөйтіп, үй тапсырмасын орындап, ok.edus.kz арқылы саламын. Апайымыз үй тапсырмасын тексеріп, бағасын қояды.
Іңкар сияқты бүгінде қашықтан оқып, білім алып жатқан балалардың бәрі дерлік жаңа оқыту тәсілін жақсы меңгеріп алған. Қай істе де алғашында біраз қиындықтар мен кедергілердің болатыны белгілі. Қашықтан оқытуда да оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де бірқатар қиындықтар болған. Әріптестемімен сөйлескенде, балалардың үй тапсырмаларын тексеріп үлгіре алмай жатқандығын айтқандар да болды. Бірақ уақыт өткен сайын жаңа тәсілді оқушылар да, ұстаздар да жақсы меңгеріп, бейімделуде.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қашықтан оқыту басталған 6 сәуірде, Daryn.online.kz платформасына 300 мың, Bilimland.kz платформасына 400 мың адам тіркелген. Осылайша елімізде жалпы білім беретін мектептердегі қашықтан оқыту нәтижелі жұмыс істеуде.