Беккужина Алима Сатаевна.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған
ортамен таныстыру.
Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы жол жиегіндегі жол,тротуар жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жол белгілерімен балаларды таныстыру.
Қажетті көрнекі құралдар: Жол белгілері бейнеленген суреттер, үш аю ертегісі.
Билингвалдық компонент: Жол белгілері-дорожные знаки-road signs.машина-көлік-саr, автобус-bus.
Оқу қызметінің кезеңдері.
Мотивациялық-қызығушылық кезең.
Шаттық шеңберін орындау.
Қол алысып қане біз,
Амандасып аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Қайырлы таң алтын күн,
Қайырлы таң балабақша.
Үлкенге де кішіге,
Бас иеміз біз.
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Іздену-ұйымдастырушы кезең.
Ғажайып сәт. Балалар қазір сендермен жол белгілері еліне саяхатқа шығамыз. Жол белгілерімен таныстыру. Жолдан үш аю өтеді. Ал қонжық аю болса жаяу жүргінші жолынан өтпей жол ережесін бұзады. Қонжық тәртіпті бұзып машинаға соғыла жаздайды. Полиция қызметкері келеді.
-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен инспектор Сардар ағаларың боламын.
Балалар амандасады.
Қонжық сен неге жол ережелерін бұздың? Қонжық қанша асықсаңда жаяу жүргінші белгісі орналасқан жермен өтуің керек. Ал балалар қонжық дұрыс жасады ма? Олай болса балалар мен сендерге және қонжық пен ата-анасына жол ережесі және жол белгілері туралы мультфильм ала келдім. Қонжық сен көшеде жол ережесін сақтап абай болғайсың. Қане балалар экранға қарап мұқият тыңдаймыз. Қонжық жол ережесін бұзбауға уәде берді. Балалар сендерде жолда абай болып жүріңдер. Жол тәртібін сақтаңдар. Ал балалар қонжықтың анасы мен әкесіне жол қауіпсіздігін туралы тақпақтар айтып берейік.
Алишер.
Жолда жүру ережесін,
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Айлин.
Қауіпті ғой көше тым,
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін,
Жаяу адам өтетін.
Дария.
Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау саламат жүреміз.
Жарайсыңдар балалар қонжықтар риза болды.
Әке аю сендерге жұмбақ әкеліпті.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Милиция қызметкері
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген.
Жол.
Төрт дөңгелекті,
Зулайды құстай ұшып.
Машина.
Балалар музыка қимылымен сергіту сәтін жасайды.
Балалар жұмбақтың жауабын табады.
Сардар аға жол белгілерімен таныстырады.
Ал енді тақтадаға белгілерге назар аударыңдар.
Жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді мұқият есте сақтаңдар. Көліктің аялдамада күтеміз.
Жол белгілерін әрқайсысын түсіндіру.
Шығармашылық жұмыс екі топқа бөлініп жұмыстану
Трафарет арқылы бағдаршамды губкамен бояу және саусақ арқылы бояу. Балалар орындайды және қауіпсіздік ережесі сақтайды.
Рефлексивті-коррекциялаушы кезең.
Қорытындылау.
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз жол ережесі туралы болды. Бүгін кім келді қонаққа?
Жол ережесін бұзған дұрыс па? Қай ертегі айтылды.
Балалардың жауабы. Милиция қызметкері Сардар аға келді. Жол ережесін бұбау керек. Үш аю туралы ертегі айтылды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады: Жол ережелері туралы білімдері кеңейіп, жол ережесі туралы біледі.
Түсінеді: Жол белгілерінің түрлерін игерген.
Қолданады: Балалардың танымы артып өз бетінше әңгімелеуді меңгереді.