Теректі ауданы,
Федоровка ауылының
» Ақ желкен» бөбекжайының
тәрбиешісі Дайынова Аягуль Кайржановна
«Шағала» ортаңғы тобына ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын ояту, ойлау қабылеттерін зейінін дамыту. Қиял белсенділігін арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс -тәсілдер : Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай көрнекіліктер.
Әрекет кезеңдері.
Мотивациялық қозғаушылық бөлімі.
Шаттық шеңберін орындау.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы таң балабақшам,
Қайырлы таң қонақтар.
Іздену -ұйымдастырушы бөлімі.
Балалар бізге біреу келген сияқты. Қызыл телпек қонаққа келеді.
Қызыл телпек: Салеметсіңдер ме балалар!
Әжемді жоғалтып алдым деп жылайды. Сұр қасқыр әжемді орманға алып кетті. Сендер маған көмектесе аласыңдарма?
Ия көмектесеміз!
Тәрбиеші: Енді орманға жолдармен жүру арқылы қызыл телпектің әжесін табуға барамыз. Содан соң орманнан қоян кездеседі.
Қоян: Менің сендерге ұсынатын тапсырмам бар геометриялық пішіндерді атап беріңдер. Егер тапсырмамды дұрыс орыңдасаңдар қасқырдың қайда кеткенін айтамын.
Балалар үшбұрыш , төртбұрыш, дөңгелек сопақша пішіндерді атайды.
Балалар ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
Кенет орманнан аю кездеседі
Аю балаларға тапсырма ұсынады. Компьютер арқылы орындау. Балалар бұл себетте оң жақ себеттегі алма аз немесе көп?- деп тапсырмалар береді. Ал сол жақ себетте қалай?
Ал келесі сурете оң жақ пен сол жақтағы үйлердің қайсысы биік және қай үй аласа?- деп сұрайды. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мен сендерге қасқыр қай бағытқа кеткенін айтамын.
Балалар аюдың тапсырмасын орындап оң жақ себетте алма аз екенін және сол жақ себетте көп екенін айтты. Сол жақтағы үйдің биік ал оңжақтағы үйдің аласа екенін атап көрсетті. Балалар ары қарай жолмен жүріп қасқырмен кездесті. Қасқырдың көңіл күйі жоқ екен. Балалар қасқырмен бірге сергіту сәтін жасады. Қасқырдың көңілі көтеріліп әжейді жіберді. Әже балалармен және қызыл телпекпен аман есен қауышады. Әже балаларға гүл жасауды өтінді. Балалар шығармашылық жұмыспен айналысты,екі топқа бөлінді. Бірінші топ губка арқылы гүлдерді қызыл және жасыл түстермен бояды. Екінші топ саусақ арқылы бояды. Қауіпсіздік ережесі сақталды.
Әже балаларға рахметін білдірді. Әже қызыл телпекпен бірге балалармен қоштасты. Сау болыңыздар!
Рефлексиялық коррекциялаушы бөлімі.
Сұрақтар арқылы қорытындылау.
Балалар біздер қайда бардық?
Әжеге арнап не жасап бердік?
Орманға барар жолда қаңдай аңдарды көрдік? Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі ұнады ма сіздерге?
Балалардың жауаптары.
Орманға жолдар арқылы бардық. Әжеге арнап әдемі гүлдер жасадық. Қоян , қасқыр аюды көрдік, олар жабайы жануарлар. Ия ұнады.
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғырта алады: Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беріп тапсырмаларды орындады.
Түсінеді: Қызыл телпектің ертегі желісін.
Қолданады: Топ болып ұқыпты жұмыс жасауды.