Home » Мақалалар » 2020 жылғы  IV тоқсанның  өзгешілігі

2020 жылғы  IV тоқсанның  өзгешілігі

Маңғыстау  облысы,
Мұнайлы ауданы
Шоғы Мұңалұлы  атындағы
№5 орта мектебінің  орыс тілі және
әдебиеті пәні  мұғалімі
Турашева Айсулу Бухаровна

      Бүгінгі  күні  оқушыларға  толы  дәліздерінен  әрең  жүретін  білім ошағының  ғимараты қаңырап тұр. Себебі,елімізде әлем  бойынша  таралып  жатқан  коронавирус  індетіне байланысты карантин  режимі жарияланды. Сол себепті, мектеп  оқушылары да  көктемгі демалысқа  бір  апта  бұрын  шыққан  еді. Мінеки, оқушылардың  көктем  демалысы да  аяқталып, IV тоқсан басталып кетті. Президент  тапсырмасына  сәйкес  оқу  ордасы онлайн режимге көшті. Оқу  процесі  тоқтаған жоқ, тек қана  арақашықтық  бағдарламаға  сәйкес  жүріп  жатыр.Бірақ, бұл тоқсанда бұрынғы тоқсаннан өзгешелік  болды. Иә, кеше, яғни 6 — сәуірден бастап  мектеп оқушылары   қашықтықтан  оқыту  сабақтарын бастап  кетті. Ал, қазір төртінші аптасының  сабақтары  өтуде. Білім  және ғылым министірінің  төтенше жағдайлар шешімінің  арқасында еліміздегі  қаншама  оқушылардың тиісті  білім  алуларын  қамтамасыз  етті. Әрине, бұл  оңай  шаруа  болған  жоқ. Ұстаздарға да, білім  алушыларға да оңай  болған  жоқ. Уақыт  өте  келе  бұл  қиындықтар да артта қалды. Білікті және білім саласының мамандарының қажырлы  еңбектерінің арқасында барлығы ретке келе бастады. Бұл жаңа форматты үдерісі  барысында мұғалімдер мектептегі  сабақ кестесіне  сай  сағатын өткізуде.Сондай ақ, карантин  кезінде Білім және ғылым министірінің орынбасары Шолпан Каринованың айтуынша, мұғалімдердің  жалақысы қысқартылмайтындығы айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру үшін барлық  қажетті шаралар  қабылдауға тапсырма берді. Алғашқы күннің басты нəтижелеріне тоқталсақ, әкімдіктермен мектеп  директорлары, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балаларына білім алуларына   компьютерлер, планшеттер   беріліп. жағдай  жасап берді.

Қашықтан оқытудың бір тетігі – теледидар арқылы білім беру.Осы орайда «Балапан», «Ел арна» телеарналары кесте  бойынша телесабақтар беріліп тұр.  Телесабақтар оқу жоспарына сай əзірленген.Бүгінгі күні «Daryn.online», «BilimLand», «Zoom» платформалары бойынша оқушылар тіркеліп, бұл платформада дайын  видео  сабақтарды қарап, сол сабақ бойынша берілген тапсырмаларды пайдаланылуда. Бұлардың  барлығы да қазіргі таңда тегін  деңгейде қолжетімді болып отыр. Білім алушылар өздеріне  ыңғайлы, қолайлы WhatsApp интернет желісін таңдау арқылы мұғалімнің  тапсырмаларын алып, тиімді  уақыттарында  кері байланыс жасап отырады.

Ұлағатты  ұстаздарымыздың  еңбектерін  атамай  өтуге  болмайды. Қиын қыстау кезеңге  қарамастан, педагогтар өздерінің  мықты  тәжрибелерінің  арқасында жаңа форматтық  жүйеге бейімделіп, өз  міндеттерін лайықты дәрежеде атқаруды  жалғастыруда. Осындай бірлескен күш-жігеріміздің  арқасында осы кезеңді  абыроймен  еңсере  алатынымызға  сенемін, және шын жүректен  сәттілік  тілеймін!Біз біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.