Home » Айтарым бар » Бір шаңырақ астында

Бір шаңырақ астында

КМҚК №109 Бөбекжай балабақшасында 1 наурыз — «Алғыс айту күніне  орай», «Бір шаңырақ астында» тақырыбында  мерекелік іс-шара өткізілді

«Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан жарияланғаннан бастап  балабақшамызда тақырыптық іс –шаралар  әр топта үзбей өтіп келеді.  Жас ұрпаққа өткенді ұғындырып, оның мән-мазмұнын түсіндіру мақсатында біршама іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Соны бірі  КМҚК №109 Бөбекжай балабақшасында
  
1 наурыз — «Алғыс айту күніне  орай», «Бір шаңырақ астында» тақырыбында  мерекелік іс-шара өткізілді. Таңғы жиында балабақша басшысы Курмамбаева Орынбасар Мекибаевна  өз алғыс –тілегін    қызметкерлерге, ата-аналарға, балаларға жолдады.  Артынша музыка жетекшілері  өз алғыстарын әнмен  жеткізіп, күй тартылды. Бақшамыздың  мектепалды сыныбы «Рахмет саған, Отаным!» тақырыбында  қабырға–газетін  ұйымдастырды. Ересек «Қарлығаш» тобының балалары өз алғыстарын әжелеріне арнап  қолдан гүл шоқтарынан жасап сыйлады. Таңғы  жаттығудан соң  әр топтың  балалары өздерінің алғыс, тілектерін жүрекшелерге жазып, қоржындарға салды. Бұл күн мейірімділіктің, достық пен махаббатының жарқын мерекесі болғандықтан, балалар мен педагогтар, балабақша қызметкерлері бір-бірлеріне алғыс білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бір-біріне,  ата-аналарына, ұстаздарына, алғыс айтып, бірлесіп өткізген уақыттарын еске алып, рахметтерін айтты. Бір сөзбен айтқанда, алғыс айту күні – бір –бірлеріне жылулық сыйлайтын ,мейірім төгетін күн десе де болады  Яғни адамдардың бір-бірімен достық, туыстық, жағымды қарым-қатынас ортануға бір қадам жасауы.  Тәрбиешілер  балаларға алғыс айту күнінде  ренжісіп қалған балалар болса татуласып, бір-бірінен кешірім сұрап, айналасындағыларға алғыс айтулары керектігін үйретіп, балаларды кішпейілділікке, кешірімді болуға, алғыс айта білу секілді қасиеттерді бойына сіңірді.

«BILIM AINASY»
Алматы қаласы
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.