Home » Жаңалықтар » Онлайн оқытудағы көмек

Онлайн оқытудағы көмек

                Назарбаев зияткерлік мектептерінің  серіктесі – Оралдағы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж ұжымы онлайн оқыту бойынша әдістемелік көмек ұсынады.

Бұл жөнінде мәлімдеген Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі http://pedcollege.kz/kz/distantsionnoe-obuchenie сайтында электрондық кітапхана, виртуалды семинарлар, «Classroom» платформасында жұмыс істеу әдістемесі, колледж оқытушыларының бейнесабақтары топтастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар осы жерден еліміздегі кәсіптік білім беру бойынша оқулықтардың электрондық ресурстарын жүктеп алуға болады.

– Колледж «Білім» бейініндегі педагогикалық мамандықтар бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің орталығы саналады. Қазіргі жағдайда тәжірибемізбен бөлісіп, күрделірек проблемеларды бірлесіп шешуіміз қажет. Оқу орны оқытушылары дайындаған  бейнесабақтар өзге өңірлердегі әріптестердің қызығушылығын тудыруда, – дейді аталмыш колледж директоры Светлана Бахишева.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,
«BILIM AINASY», Орал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.