Home » Жаңалықтар » Қазақстан -Сингапур Халықаралық іс-тәжірибе алмасу жобасы

Қазақстан -Сингапур Халықаралық іс-тәжірибе алмасу жобасы

Қазақстан -Сингапур Халықаралық іс-тәжірибе алмасу жобасы

Алматы қаласы  Білім Басқармасының КММ «№ 26 сөйлеу  тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» Жетісу ауданында орналасқан, мектепке дейінгі ұйым Сингапур білім беру жүйесінің Халықаралық іс-тәжірибе алмасу  «Қолөнершілердің пайдалы ортасы» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен бөлісті.

    

Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен, Сингапур еліне Алматы қаласының бірнеше мектепке дейінгі білім берудегі  балабақша меңгерушілерінің біліктіліктерін арттыру және іс-тәжірибе алмасу мақсатында барған  болатын,   осы Халықаралық деңгейдегі іс-тәжірибеден кейін, аталған балабақша ұжымы  «Қолөнершілердің пайдалы ортасы» атты жобасын жоспарға сәйкес іске асыруда.
  

Балабақша меңгерушісі Базбащаева Айман: Сингапурдағы Халықаралық деңгейдегі іс-тәжірибе алмасу – «бізге оң нәтиже беріп, күнделікті жұмыстарымызға шабыт беруде.  Бүлдіршіндерді жан-жақты дамытуда  мол мағлұмат  алмасып, ары қарай жаңа бағытта жұмыс жасауымызға өзіндік септігін тигізді, мұндай ауқымды іс-тәжірибе алмасу мектепке дейінгі ұйым басшыларына қажет дүние. «Қолөнершілердің пайдалы ортасы» жобасы арқылы тәрбиешілерді жан-жақты дамыту, бала тәрбиесіне деген таптырмас бірден-бір құрал негізінде қарастырылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде балабақшамызға көптеген өзгерістер енгізілді:  бүлдіршіндердің дамуына үлес қосатын арнайы дамытушы орта пайда болған, (кітап бұрышы, сурет салу бұрышы, математика бұрышы,  табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау, ата-аналарға кеңес бұрышы) тағысын тағы бар»-деді.

Жоба жұмыстарын таныстыру барысында балабақшада балалардың қолөнер шеберліктерін арттыру мақсатында  көрме ұйымдастырды.  Көрмеде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бойынша  балалардың қазақи нақышта өз қолдарымен жасаған бұйымдары көрсетілді. Ата-ана мен баланың  ынтымақтастығын арттыру мақсатында жасалған көптеген жұмыстар назарға ұсынылды. Сонымен қатар,  тәрбиешілердің де жұмыстары қалыс қалмады. Бірі нақышына келтіріп түрлі шамдар тоқыса енді бірі «Тәуелсіздік» тақырыбына арнайы қабырға безендіріпті.

Асқан шеберлікпен дайындалған көрмені тамашалап құды бір мұражай дерсің, Өскелең ұрпақтың санасына осынша шеберлікті тәрбиеші ұстаздар аса іждахаттылықпен сіңіруде.

Шара соңында бүлдіршіндер музыка жетекшісі Нұрғазиза Бейсегулованың сүйемелдеуімен аспаптық оркестрде өнер көрсетті.

   

Білім айнасы
Алматы қаласы
Жұлдыз Смаилова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.