Home » Мақалалар » «Мейірімділік- жүрек жылуы»

«Мейірімділік- жүрек жылуы»

Бала құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында жыл сайын «29 қазан – Қамқоршылар күні» бейресми мерекесі аталып өтіледі. Қамқоршылар күні мерекесінің мақсаты балалардың қамқоршылары және заңды өкілдері мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету.

Қамқоршылар күні мерекесі қарсаңында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың Қамқоршыларына құрмет көрсетіледі. Бала құндылығы, отбасы және ата-аналар, Қамқоршы құндылығын арттыру мақсатында мерекелік сурет байқаулары, дебат, шебер сыныптар, тренингтер өткізіледі. Осы мереке қарсаңында мектептің психологиялық қызметі білім алушылардың заңды өкілдеріне жан-жақты әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық қолдау көрсетеді.

2023-2024 оқу жылында «29 қазан – Қамқоршылар күні» мерекесі мектебімізде кең көлемде атап өтіледі. Мерекенің ұраны: «Бар мейірім – балаларға!». Мерекенің мақсатты аудиториясы: Жетім, ААҚҚ, патронаттық тәрбиедегі және сенімхатпен тәрбиеленетін білім алушылар. Ол үшін мерекені өткізу туралы мектепішілік бұйрық шығарылып, арнайы жоспар құрылды. Мереке қарсаңында, балалардың заңды өкілдері, ата-аналар мен мектеп арасынлағы ынтымақтастықты қалыптастыруға бағыталған іс-шаралар кешені жоспарға сәйкес жүзеге асырылды. Іс-шаралардың өткізілетін орны және уақыты мектептің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланды.

Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу процесі ата-аналарды оқу-тәрбие, сабақтан тыс, бос уақытты өткізуге, балалармен және мұғалімдермен ынтымақтастыққа, ата-ана жауапкершілігін қалыптастыруға белсенді түрде қосуға бағытталуы керек.

Білім беру ұйымдарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау – білім беру ұйымында балалардың құқығын қорғау бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын жүзеге асыратын әлеуметтік педагогтің қызметінің ең негізгі бағыты. Әлеуметтік педагогтер осы бағытта қызметін жүзеге асыру үшін әркез құқықтық сауаттылығын арттыру, кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамытуы жөн.

 

Шубекова Гулнур Аскаровна
Алматы қаласы, Алатау ауданы
№179 жалпы білім беретін мектеп
әлеуметтік педагог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.