Home » Жаңалықтар » Чехияның Либерец қаласында осымен сегізінші рет биден Әлем Чемпионаты өтті.

Чехияның Либерец қаласында осымен сегізінші рет биден Әлем Чемпионаты өтті.

%d0%be%d0%ba%d1%83%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b9%d1%8b-jpg2016 жылдың 22-27 қараша күндері Чехияның  Либерец  қаласында осымен сегізінші рет биден Әлем Чемпионаты өтті. Оның ұйымдастырушылары WADF-World Artistic Dance Federation. Сайыс екі би алаңында алты күнге созылды. Чемпионатта Франция, Италия, Швеция, Венгрия, ЮАР, Шотландия сияқты тағы да басқа көптеген мемлекеттерден 3600-ға жуық биші қатысып, бағын сынады. Қазақстан Республикасын бірнеше номинация бойынша Астана қаласы Оқушылар сарайының «Bomond» балдық би ансамблі танытты. Чемпионат қорытындысы бойынша біздің ансамбль Юниор атты жас категориясындағы Standart, Latin, All Styles үш номинациясы бойынша абсолютті жеңімпаз атанды. Айта кетейік, ансамбль әртүрлі халықаралық сайыстарда еліміздің намысын қорғап жүрген ансамбльдің бірі. Осыған дейін Мәскеуде, Мармаристе (Түркия), Новосибирскіде, Тбилисиде көптеген жеңістерге ие болған еді. Әділ қазылардың айтуынша Чемпионатта оқушылар жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ олардың ерекше таңдалған костюмдері де назардан тыс қалмады. Әрине ансамбльдің мұндай жетістікке жетуіне оның жетекшісі мен бас тренері Владислав Лидің сіңірген еңбегі орасан зор. Оқушылар сарайының  «Bomond» балдық би ансамблінің осы жетістігіне байланысты ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.