Астана қаласы,
№67 «Шұғыла» балабақшасы
Дауленова Маусымжан Болатқызы, тәрбиеші.
Күні: 23.11.2016 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметінің түрі: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: У у дыбысы және әрпі.
Мақсаты:
- Балаларға у дыбысын таныстыру, у дыбысы бар сөзді оқуға, у әрпін жазуға үйрету.
- У дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз болатынын түсіндіру арқылы балалардың зейіндерін дамыту.
- Балалардың сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, ребус шешу.
Көрнекіліктер: Уу дыбысына байланысты суреттер, текшелер, сыр сандық,
Билингвалды компонент: уық, науа
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивацияық-қозғаушылық
| Шаттық шеңбері: Кәне, кәне, тұрайық, Киіз үйді құрайық! Бір уықты қолға алып, Шаңыраққа тығайық. Шеңбер болып айналып, Арқандарды тартайық! – Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз әдеттегіден ерекше болмақ. Өйткені қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.
| Балалар шаңырақ астына шаттық шеңберіне тұрады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
| Балалардың назарын сабаққа аудару, өткен сабақтарды қайталау. – Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыстармен таныстық? – Дыбыстар нешеге бөлінеді? – Дауысты дыбыстар қалай айтылады? – Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?» Қазір мен өтілген дыбыстарды көрсетемін, ал сендер көрсетілген дыбыстарға қарай қолдарыңдағы қызыл және көк қалақшаларды көтересіңдер. Ғажайып сәт. Топқа домаланып Бауырсақ келеді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Мені таныдыңыздар ма? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, мен тәтті бауырсақпын! -Мен сендерге бір жаңа әріпті өзіммен бірге ала келдім. Бірақ, ол қандай әріп екенін айтпаймын , ол әріпті табу үшін сендер мынадай тапсырмаларды орындауларың керек. 1. Уық, тауық, ұлу, қуыршақ, тауыстың суреттерін көрсетіп, олардың аттарын айтқызу. 2. Сөздік жұмысын жүргізу. Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Тауыс – құстың аты 3. «Әліпби» бейнетаспасынан Уу дыбысына байланысты бейнероликті тамашалау. Осы сөздердің бәрінде у дыбысының кездесетінін айту. Бауырсақ: -Балалар, сендер менің қандай әріп әкелгенімді білген боларсыңдар, е? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Менің жаңадан әкелген әрпім Уу болатын. У әрпінің баспа түрімен таныстыру. У әрпін ауада жазғызу. Сергіту сәті: Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан. Қардан жасап аққала, Сырғанаймыз шаттана. Кеспе әріптермен у дыбысы бар сөздерді тақтаға жазғызу. А-лау, ту, на-уа осы сөздерге дыбыстық талдау жасатамын. Бұл жерде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс болатынын түсіндіремін. Яғни дауысты дыбыстан кейін және дауысты дыбыстың алдында (м/лы: уыз, уық, уақыт) келсе, у дыбысы дауыссыз, ал дауыссыз дыбыстан кейін келсе, онда дауысты дыбыс болатынын түсіндіремін. Тіл ұстарту жаттығуы. У-у-у Желбірейді біздің ту.
Айнамен жұмыс. Дәптермен жұмыс. Уық, тауық, ұлу сөздеріне дыбыстық талдау жасатамын. Ойын: «Сыр сандық» Ойынның шарты: 1-ші сандықшаға У дыбысы басында кездесетін суреттерді; 2-ші сандықшаға У дыбысы ортасыфнда кездесетін суреттерді; 3-ші сандықшаға У дыбысы соңында кездесетін суреттерді салу. У дыбысының сөздің басында,ортасында және соңында келетінін түсіндіремін. У дыбысы кездесетін сөздері бар өлең жаттатамын. Уық деген немене, Уыз жегің келе ме? Уыс-уыс уаққа Ақшаны уат. Әліппе дәптерге Уу дыбысының кіші және бас әріпін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосып жаздыру. «Дыбыстардан сөз құра» тапсырмасын орындайды. Аққу сөзіне дыбыстық талдау жасайды. |
-А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л
– Дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыстар – Дауысты дыбыстар әндетіп, созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар қысқа, кедергіге ұшырап айтылады.
-ия, сіз бауырсақсыз
Балалар бауырсаққа таңырқай қарайды.
Балалар суреттердегі бейнелерді атайды.
Балалар теледидардан бейнероликті тамашалайды.
-Ия, Уу әрпі
Бауырсақ Уу әрпін балаларға көрсетеді.
Балалар жаттығуды қайталайды.
Балалар орындарында отырып, дыбыстық талдау жасайды
Балалар қайталайды
Балалар айнаға қарап, Уу дыбысының айтылуын көреді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар қайталайды |
Рефлексивтік-түзетушілік
| Балаларды мадақтау. – Бүгін қандай дыбыспен таныстық? – У дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз ба? – У дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
| – У дыбысымен. – Бірде дауысты, брде дауыссыз. – Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: у дыбысының бірде дауыссыз, бірде дауысты дыбыс болатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: у дыбысына қатысты сөздер құрауды игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дыбыстық талдау жасауды меңгереді.