Home » Балабақша » №62 «Нұрсәуле» балабақшасында ашық есік күні

№62 «Нұрсәуле» балабақшасында ашық есік күні

Нұр-Сұлтан қаласының №62 «Нұрсәуле» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен «Ашық есік» күні болды. Осы «Ашық есік» күнінде барлық топтарда ашық оқу қызметтері өте жоғары деңгейде көрсетілді. Ата-аналар өздерінің ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, «Қарлығаш» ортаңғы тобында тәрбиеші Бейбітхан Қ.«Бұйра қошақан» тақырыбында дәстүрден тыс аппликация оқу қызметінде қағаздарды жырту арқылы аппақ қошақанның бұйра жүндерін жапсырды.Сонымен қатар үй жануарларының төлдерін атап, оларды шақыру туралытақпақпақтар айтып, тілдік жаттығулар да қайталанды. Балалар оқу қызметіне  өте көңілді,  белсенді қатысты.

Сонымен қатар, ІІ кіші «Балауса» тобында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде тәрбиеші Набиева Қ.«Ғажайып математика», «Ертегілер елінде» тақырыбында  логикалық ойын арқылы баланың қиялын,ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар дайындады, балалар тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындады.

ІІ кіші «Балдырған» тобында тәрбиеші  Алтаева А. «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында балалар ертегілер еліне саяхат жасап, кейіпкерлері туралы айта отырып, геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қайталады.

Орыс тілі мұғалімі Азенова Б.А.  ересектер «Інжугүл» тобында «Цветик-семицветик», тақырыбымен гүлдің әр шоғына тапсырмалар қойылып, өткен      тақырыптар қайталанса,

орыс тілі мұғалімі Рамазанова Г.Е.ортаңғы “Раушангүл”  тобында  “В семье единой” тақырыбын өте қызықты өткізіп,“Шалқан” ертегінен көрініс

көрсету арқылы балалар тақпақтар, әндетіп саусақ жаттығуларын  айтып, жемістер мен көкіністерді де ажыратты.Оқу қызметі ата -аналардың пікірінше қызықты өткені сонша қас-қағым сәтте мұғалім балалармен ойнай отырып, қалай өткенін де білмей қалдық дейді.

Орыс тілі мұғалімі Төлеубай  Ш.С ІІ кіші «Балдырған» тобында «Путешествие в сказочный лес»

тақырыбында ашық оқу қызметі өтті.Балаларға саяхатқа пойызбен әндете отырып, орманға келді. Орманда ағаштарда жасырылған тапсырмалардан жануарларды тауып, олардың дене бөліктерін атай білді.Топқа келгенде үй құстарынан  тауықты алып, оның бөліктерден  жинақтап әртүрлі түстерін ажырата білді.

Балалар екі тілде қатысып,өз ойларын жеткізуге тырысты.Ата-аналар оқу қызметтеріне ғана қатысып қоймай күні бойы балабақшада жүргізілетін жұмыстарды көріп, риза болып, алғыстарын білдірді

 

Каирбекова Г.Т.
№62 “Нұрсәуле” балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.