Home » Балабақша » №27 «Балауса» балабақшасында 2018-2019 оқу жылындаұсынылған қосымша қызметтердің гала концерті өтті

№27 «Балауса» балабақшасында 2018-2019 оқу жылындаұсынылған қосымша қызметтердің гала концерті өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №27 «Балауса» балабақшасында 2018-2019 оқу жылында ән айту, фортепиано үйірмесі, сурет салу, шахмат, ағылшын тілі, би өнері, каратэ, логопед сияқты қосымша қызмет түрлері өз жұмысын жүргізді. Аталған қызмет түрлері екі тілде ұйымдастырылып, балалардың қабілеттеріне байланысты көптеген сайыстар мен жарыстарға қатыстырылды. Бүгін осы аталған қызмет түрлерінен ата-аналарға оқу жылының қорытындысы ретінде гала концерт ұйымдастырылды.
Ән айту үйірмесінің орыс топтары бойынша музыка жетекшісі Жумакаева Гуля Мухаметгалимовнаның басшылығымен «Аяулы Астана» халықаралық конкурсының 3 орын иегерлері, «Нұршашу» тобының тәрбиеленушілері, «Звездочки» ансамблі «Я рисую на окне» әнін, «Звезда Востока» халықаралық конкурсының 2 орын, «Нұр-Сұлтан мьюзик фестиваль» халықаралық конкурсының 1 орын иегерлері, «Ботақан» және «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері, «Жұлдыздар» ансамблі «Әжемнің шайы» әнін, «Нұр-Сұлтан мьюзик фестиваль» халықаралық конкурсының                   2 орын иегерлері, «Балбөбек» тобының тәрбиеленушілері, «Лучики» ансамблі «Раз ладошка» әнін, «Нұр-Сұлтан мьюзик фестиваль» халықаралық конкурсының 2 орын иегерлері, «Почемучки» тобының тәрбиеленушілері, «Улыбка» ансамблі «Солнышко» әнін, «Нұр-Сұлтан мьюзик фестиваль» халықаралық конкурсының 3 орын иегерлері, «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушілері, «Балауса» ансамблі «Әжем айтқан ертегі» әнін, «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушілері, «Айналайын» ансамблі «Кішкентай жұлдыздар» әнін орындады.
 Фортепиано үйірмесінің жетекшісіЖумакаева Гуля Мухаметгалимовнаның шәкірттері «Нұршашу» тобының тәрбиеленушісі ДыбысоваМалика «С днем рождения» шығармасын, БандышеваДарья “Два веселых гуся” шығармасын, ЖаркынбаеваУлжан “В траве сидел кузнечик” шығармасын, Мухамеджанова Акерке “Маленькая елочка” шығармасын фортепианода орындады.
  Ән айту үйірмесінің қазақ топтары бойынша музыка жетекшісі Айдаралиева Раушан Бескемпировнаның басшылығымен «Ынтымақ» республикалық байқауының 1 орын иегерлері, «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілері, «Қызғалдақ» ансамблі «Мамочка» әнін, «Ынтымақ» республикалық байқауының бас жүлде иегері, «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Балтабай Айзере «Наурыз мереке» әнін орындады.
Би үйірмесінің жетекшісі Айдаралиева Раушан Бескемпировнаның шәкірттері «Дарындар әлемі» IV халықаралық байқауының 1 орын иегерлері, «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері «Домбыра» биін, «Дарындар әлемі» IV халықаралық байқауының 2 орын иегерлері, «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері «Цыған» биін биледі.
Би үйірмесінің жетекшісі Абылгазина Ильдина Самалбековнаның шәкірттері «Жұлдыздар» тобының тәрбиеленушілері «Гүлдер» биін, «Нұршашу» тобының тәрбиеленушілері «Испан» биін, «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушілері «Заманауи» биін, «Ынтымақ» республикалық байқауының бас жүлде иегерлері, «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілері, «Қызғалдақ» би  тобы «Павлин» биін биледі.
Сурет салу үйірмесінің жетекшілері Каримова Эльвира Сапарбаевнамен Жанайдаров Думан Камариденовичбалалардың жыл бойы салған суреттерінен көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар Чехия мемлекетінде ұйымдастырылған «Зимние узоры» VII балаларға арналған сурет және сәндік қолданбалы өнер халықаралық конкурсының 1 дәрежелі дипломымен Дыбысова Малика, Жангужинова Диана, Еркебай Анеля, Шрейдер Александр, Таласпеков Альтаир, 2 дәрежелі дипломмен Жумакаев Таир, Раева Рания, Котыртауов Асад, Иванова Милана, Петля Анна марапатталды.
Шахмат үйімесінің жетекшісі Қабаш Мәдина Думанқызы үйірмеге қатысушы балалар арасында ойын элементтерін көрсетті.
Әзім Санжар Оразбайұлы каратэ үйірмесі бойынша тренер қорғану әдістері мен тәсілдерінен, соққы түрлерінен алғашқы жатығу түрлерін көрсетті.
Ағылшын тілі үйірмесінің жетекшісі Беделова Данара Хосмановнаның жетекшілігімен балабақшаның барлық топтарының балаларымен ашық үйірме сабағын көрсетті.
  Логопед маманы Маханбетова Айгерим Сериковна жыл басында келген балалардың дейгейі мен жыл соңында жеткен жетістіктерін салыстырмалы түрде көрсетіп, балалармен жүргізілетін іс-әрекет түрлерін түсіндіріп, үйде орындап, қайталауға болатын жаттығулармен таныстырды.
Бір күнге созылған іс-шарада балалар мен балабақшаның барлық қызметкерлері белсене атсалысып, ата-аналарға көңілдерінен шығатындай гала концерт көрсетті.

Әсел Әділбайқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №27 «Балауса» балабақшасының меңгерушісі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.