Home » Жаңалықтар » №102 ЖББМ КММ-нің «ОТБАСЫ САҒАТЫ» акциясы аясында атқарылған іс-шаралар жөніндегі есебі

№102 ЖББМ КММ-нің «ОТБАСЫ САҒАТЫ» акциясы аясында атқарылған іс-шаралар жөніндегі есебі

Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу болып табылады.

Алматы қаласының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Қазақстан-2020 болашаққа жол»  мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Жетісу ауданы №102жалпы білім беретін мектепте қалалық «Отбасы сағаты» акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілді.

16.05.2019 ж  күні «Отбасы – бақыт мекені» атты жалпы мектептік саптық түзеу өтті.

  23.04.2019 ж күні «Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім!», «Әр отбасы- бір әлем»,  «Семья: диалог поколений», «Семейные традиции», «Всё начинается с семьи», «Семья: от рождения до вечности» «Остров духовной жизни» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті.

Сынып сағатының мақсаты:  Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру және Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын  біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Сонымен қатар, жоспарға сәйкес мектеп  оқушыларының ата-аналарымен отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау мақсатында  «Әкелер мен әкелер кеңесіне — шындық!» — «Советам дедов и отцов — верны!» командалық отбасылық викторина өткізді. Командалық виторинада  оқушылар мен олардың  ата-аналары да белсенді қатысты.

24.04.2019 ж күні «Отбасы —  рухани жаңғыру  негізі» тақырыбында  1-4 сыныптар оқушылары арасында  сурет көрмелері ұйымдастырылды.

Мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту болып табылады.

Сондай-ақ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен «Әке – Ана — Мен» атты эстафеталық спорттық ойындар өткізді.

Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтайтын және қиыншылыққа бірге төтеп беретін отбасы болуға, оқушылардың озық ойлы, жоғары білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, салауатты, қайырымды, кішіпейіл, ізетті болуына негізделген.

Отбасы күні кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, демографиялық саясатына елеулі  әсер ететін және әр адам үшін отбасының маңыздылығын көрсетеді.

30.04.2019 ж күні «Отбасы — махаббат пен адалдық орталығы», «Салауатты өмір салты» тақырыбында буклеттер таратылды.

03.05.2019 ж күні КПС ГКПнаПХВ «№19 қалалық поликлиника» акушер-гинеколг дәрігері Аблаева Б.А. және акушер маман Касымова Н.А. 8-11 сынып оқушыларына жасөспірімдерге арналған «Қыздар мен ұлдардың физикалық-моральдық мәдениеті — салауатты ана мен күшті отбасының кепілі», «Отбасын жоспарлау туралы», «Салауатты өмір салты»  («Физическая и нравственная культура девушки и юноши — залог здорового материнства и крепкой семьи», «О планировании семьи», «Здоровый образ жизни») тақырыптарында лекция оқыды.

Жанұя, отбасы — мемлекеттің ірге-тасы. Ал қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030-жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі — отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, өз жанұяларыңды құрметтеуді, сыйлауды, мақтан тұтуды естен шығармайық деген іргелі сөзбен өткен осы шара болашақтада өз жалғасын табары анық.

 

ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.

Дараева Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.