Home » Жаңалықтар » «№102 ЖББМ» КММ-де Ұлы Отан соғысы  жеңісінің 73 жылдығы

«№102 ЖББМ» КММ-де Ұлы Отан соғысы  жеңісінің 73 жылдығы

 

      Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын соғыс – күйретуші күш! Арадан жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Жеңіс күні Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді Отанын сүйген, соғыс майданында қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерді құрмет тұтқан әр азамат тойлайды.  Осы Ұлы мереке — Жеңіс күніне арналған іс-шаралар «№102 ЖББМ» КММ-де кеңінен атап өтілді.

Мектебімізде Жеңіс күніне арналған бірінғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында айырылу азабын көрген және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті көрсеткен, қиындыққа төтеп беріп жеңіске жеткен бірлігі мықты елдің тарихымен оқушылар тереңінен танысып, олардың белестері де, ерліктері ғасырлар ағымында өшпейтіні жас ұрпақ санасында қалыптасты.

05.05.2018 жылы мектебімізде  бастауыш сынып оқушылары ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама өткізді. Кеш қонақтары ҰОС ардагері Рудская М.М.,  ҰОС еңбек майданы ардагері  Шлапак П.Д., ауған соғысы ардагері Абубакиров Р. С.

Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол — өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш — әрине, «бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.
Ардагерлерге арнап мерекелік шаралар өткізу мектеп оқушылары үшін зор мәртебе.
05.05.2018 жылы 7 «В» сынып оқушысы Бакарева Дарияың ата-анасы Бакарев Андрей ұйымдастырған «Контингент» атты балалар әскери-спорттық клубы басшылығында мектеп акт залында өскелең ұрапақ бойында патриоттық, толеранттық қағидаларды қалыптастыру, соғыс ардагерлеріне деген құрметті тәрбиелеу мақсатында соғыс ардагерлеріне арналған патриоттық концерттік бағдарлама өткізілді.
Әр өткен жыл олардың ұлылығы мен мағынасын одан сайын күшейтеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік және сіздердің ерліктеріңіз үшін мақтаныш ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бізді біріктіреді. Біз үшін мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етеді.

Ардагерлер шаңырағындағы құттықтау

04.05.2018 ж   8 «А»  сынып оқушылары сынып жетекшісі  Апешова С.А мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Загоруйко А.К.-ны мереке қарсаңында құттықтады.

04.05.2018 ж  2 «Б» 3 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі  Асимова Г.А. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Петренко Н.Я.-ті мереке қарсаңында құттықтады.

05.05.2018 ж. 8 «Б»  сынып оқушылары сынып жетекшісі  Альжанова П.Д.  мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Рудская М.М, мереке қарсаңында құттықтады.

05.05.2018 ж.  4 «Б»   сынып оқушылары сынып жетекшісі  Аккамиева Г.Б. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері  Лютаев А.-ді мереке қарсаңында құттықтады.

05.05.2018 ж. 9 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі  Исабаева М.Б мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері  Синенко Л.С.-ны мереке қарсаңында құттықтады.

05.05.2018 ж. 3 «В»  сынып оқушылары сынып жетекшісі  Жанадилова Н.Б. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Белокавынко В. Г.-ті мереке қарсаңында құттықтады.

07.05.2018 ж . 6 «Б»  сынып оқушылары сынып жетекшісі  Омартаева А.А. мен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері  Купч В.А..-ті мереке күні  құттықтады.

07.05.2018 ж.  Мектеп oқушылары   және 6 «Б»  сыныптың белсенді ата-анасы Кулманова Алма Интуевнамен бірге Ұлы Отан Соғысы ардагері Синенко Л.В.-ны мереке қарсаңында құттықтады.
Өз кезегінде ардагерлер соғыс кезіндегі сұрапыл жылдардан шағын естеліктер айтты. Оқушыларға өздері көрген бейнетті, қиындықтарды ешқашан көрмеңдер деді. Бейбіт өмірдің сый-сияпатын дұрыс қолданып, алтындай қымбат уақыттарыңды терең білім алуға, жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып, Отанымыздың тәуелсіздігінің тірегі болыңдар деп баталарын берді. Сұрапыл соғыстың тауқіметін тартқан ардагерлерді ұмытпаған мектеп ұстаздары мен оқушыларына алғыстарын айтты. Ең бастысы еліміз тыныш болсын, ел басқарып жүрген азаматтарымыз аман болсын, балалар бейбіт өмірдің қызығын көрсін! – деп тілектерін білдірді.
«Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!

Ауэлбекова Гавхар Умурбековна,
«№102 ЖББМ» КММ директордың
тәрбие ісі бойынша орынбасары.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.