17 қазан күні Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№102 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орынбасарларымен «Педагогикалық менеджмент» атты семинар өтті. Жиынға ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты аға оқытушысы Ыбышева Алмагуль Сейтжан қызы бастаған курс тыңдаушылары: Астана қаласы мектептерінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты
Ел дамуының басым бағыттарын айқындап берген Елбасы: «Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны», – деген болса, К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.»,- деген.
Семинар қатысушыларына мектебімізде жаңартылған білім мазмұнына сай педагогикалық басқарудың қолға алынған жаңа технологиялар мен әдістер жетістігі паш етілді. Мамандар өзара тәжірибе алмасып, білімі мен білігін шеберлікпен өз тақырыптарын жарытуда қолданды. Семинарды мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға семинар бағдарламасын таныстырды.
ХББПА академигі, Франция Конкорд Академиясының академигі , педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иманбаева Сәуле Тохтарқызы «Педагогикалық менджмент» ұғымының мәнін ғылыми тұрғыдан және мектептегі басқару тұрғысынан түсіндіріп, екі жақты байланыс орнатты.
Филалогия ғылымдарының кандидаты , мектебіміздің қазақ тілі мұғалімі аға оқытушы Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы «Басқарудағы коммуникация ықпалы » тақырыбында тренинг жүргізіп, басқарудағы қарым-қатынас стилінің ерекшеліктерін практикада көрсетті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Танбетова Айман Жамалдинқызы «Басқарудағы рөлдік және іскерлік ойындар. Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Қатысушылар тақырыпқа сай диагностика және оны талдап, көптеген оқытудағы өзекті сұрақтарға жауап тапты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ауелбекова Гаухар Өмірбекқызы «Басқарудың сапалық көрсеткіштері» атты тренинг жүргізді. Тренингте топтық жұмыс жүргізіліп, қатысушылар белсенділікпен мектептік кешенді басқарудың сапалық көрсеткіштеріне саралау жасады.
Ал, бастауыш сынып мұғалімі Құрманова Маржан Сейілханқызы «Жұмыстағы психологиялық орта» тақырыбында топтық шеберлік сағатын өткізіп, көңіл күй картограммасын толтырып, жағдайаттық ойындар өткізді.
Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық менеджметті жетілдіру басты мақсаттардың бірі болды.Семинар екі жақты пікір және тәжірибе алмасумен қорытындыланып, қатысушылар мектеп ұжымына жылы лебіздерін жеткізді.Оқушының өмірге қажетті дағдылары мектепте қалыптасады. Сондықтан бұл семинарда білім беру мен тәрбие негіздері, рухани жаңғыру тетіктері назардан тыс қалған жоқ.
Ауелбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары