Әлемнің дамыған алдыңғы қатарда тұрған елдерінің тізіміне ену жолында Елбасы 2050 жылға дейін жаңа саяси бағытты белгілеп, құқық бұзушылық пен қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануды ұсынған болатын.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.
Жетісу ауданы Білім бөлімі кешенді жоспарына сай, «Нұр Отан» партиясының «Саналы Ұрпақ» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «№102 ЖББМ» КММ-де «Жас өспірім және Заң» атты театырдандырылған аудандық семинар өтті.
Мектебімізде оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың құқықтық сауаттылығын артыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды алып барушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, әлеуметтік педагогтың, мектеп психологтарының және баламен тікелей байланыста болатын сынып жетекшілірінің еңбектері зор.
Мектеп директоры Кержикеева Д.Р. оқушылар мен ата-аналарды толғандырған осы мәселелер, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындап семинарды ашты. Мектеп инспекторы жасөспірімдердің, ата-аналардың, өзге де қамқоршылардың құқықтары мен міндеттеріне жан-жақты тоқталып кетті.
Орта буын оқушылары жануарлар көрінісінде құқықбұзушылықтың түрлерін, алдын алу жолдарын актерлікпен тамаша сомдаса, жоғары сынып ұлдары Қасым ханның «Қасқа жолын» әсерлі етіп қойып, көрермендерге заңнын үстемдігі туралы ой салды.
Аталмыш шараның мақсаты жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, өмір сүруге құлшынысын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру болып табылады. Бүгінгі жасөспірім ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын азамат. Бала тәрбиесін сонау ерте заманнан бірінші кезекке қойған бабаларымыз, оны отбасының тірегі, елін қорғайтын ері деп бағалаған.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:
Ауэлбекова Г.У және Дараева Г.У