Home » Жаңалықтар » «№102 ЖББМ» КММ-де алғашқы қоңырау соғылды

«№102 ЖББМ» КММ-де алғашқы қоңырау соғылды

Күмбірлетіп кеудесінде асқақ әні,

Ұстазды қадірлейді жаста, кәрі.

Білімнің биігіне басқан қадам,

Алғашқы қоңыраудан басталады.

Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесінде  «№102 ЖББМ» КММ-де салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды.

Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты шарада мектеп директоры Кержикеева Д.Р. және мереке қонақтары мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушыларыжалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.Оларға мектеп бітіруші түлектері қанаттарының талмауын тілеп, сыйлықтарын табыс етті.
Салтанатта сонымен бірге, мектеп өнерпаздары ән шырқап, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру,  жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату мақсатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында білім күні сабағына шақырды.Сонымен қатар 5-сынып оқушыларын «Адал Ұрпақ» мектеп клубына қабылдады.

 

Математика пәні мұғалімі:
Ауэлбекова Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.