6.11.17 жылы 3-4 сыныптар аралығында «Қазақстанға саяхат» атты зияткерлік ойыны өтті. Негізгі мақсаты: Оқушыларды өз тұрып жатқан жерін, Отанын сүюге, кең байтақ жеріміздің – Қазақстанның тарихын білуге және оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Зияткерлік ойынға 3 «А», 3 «Ә», 3 «Б», 3 «В» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысты.
Ойынның әділ өтуін қадағалап отыратын, әділ-қазы алқалары тағайындалды. Олар: ұйымдастырушы меңгеруші Аманжолова Н.Д, мектеп психологі Алпысбаева И.М және мектеп дефектологі Шаншархан Р.Н.
Ойын 3 кезеңде өтті: 1-кезеңде әр топ өздерінің аттарын, ұрандарын айтып таныстырды. 2-кезең бойынша әр сыныпқа Қазақстанның тарихи жерлері туралы сұрақтар қойылып, ұпайлармен бағаланды. Ең жоғарға ұпай жинаған 2-топ 3-кезеңге өтті. 3-кезеңде экранда жасырылған ескерткіштердің аттарын атап және ол қай қалада орналасқаны туралы айту керек болатын. 3-кезең бойынша 1-ші орынға 3 «А» сынып оқушылары иеленсе, 2-ші орынға 3 «В» сынып оқушылары және орынға 2 катысқан сыныптар марапатталды. Марапаттау рәсімінде әр топқа мақтау қағазы мен сыйлықтар таратылды.
Осындай зияткерлік ойындардың жиі ұйымдастырылып отыруына оқушылар өз ұсыныстарын айтып, лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар «Жас Ұлан» ББЖҰ көшбасшылары құрамы «Жас Ұлан» ұйымы туралы үгіт-насихат жүргізді.
Миркинова Гульнур Жумагуловна
» №1 мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі
Сәтбаев қаласы