Қарағандыда 30-31 наурызда «ROBOLAND 2018» IV Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде Астана қаласы №68 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушылары «механикалық сумо категориясы» бойынша Есімсейіт Қалдыбек пен Есенғали Диас II орынды жеңіп алса, ал «интелектуалды сумо категориясы» бойынша Жанбеков Сәттімбек пен Нұрман Арман II орынды иеленді.
Оқушылардың жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Толқын Жақсылық пен Кенебаева Салтанаттың еңбегі зор.
Бұл фестиваль мектеп және колледж оқушылары арасында білім беру робототехникасын танымал етуге, аталмыш саладағы қауымдастықтарды біріктіру мен дамытуға арналған алаң болып табылады.
Биылғы жылы ROBOLAND фестиваліне 1513 қатысушы, 800-ден аса командалар қатысты, оның ішінде 754 команда – Қазақстаннан (бүкіл Республика бойынша қалалар, Физмат, НИШ, робот академиялар, оның ішінде Астанадан №4, №9, №56, №68, №73 мектептері қатысты), 13 команда — Ресейден, 1 команда — Қырғызстаннан, 3 команда – Польшадан, 1 команда – Украйнадан, 1 команда — Чехославакиядан.
К. Баяхметбаева,
№68 орта мектеп директоры