Home » Жаңалықтар » № 65 мектеп гимназиясында «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тақырыпта тренинг өткізілді

№ 65 мектеп гимназиясында «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тақырыпта тренинг өткізілді

Біздің мектептің кітапханасында 2016 жылғы 09 желтоқсан күні «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық газеті редакциясының журналисті Смағұлова Айгүл Жақсыбекқызы ұжыммен «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тақырыпта тренинг өткізді. Кездесу барысында Айгүл Жақсыбекқызы мақала міндеттері, түрлері, құрылымы жөнінде толыққанды мәлімет берді. Осы тренингке қатысқан ұстаздар қауымы БАҚ және әлеуметтік желімен қалай жұмыс істеу барысымен және мақала жазудың қыр-сыры мен тәсілдерін үйренді. “Білім айнасы” газетінің қосымшасына ұстаздарды ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыстарын жариялауға шақырды. Тренинг соңында сертификат табысталды.

 

Тұрғамбекова Орынбасар Мұсақызы

№65МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.