Home » Жаңалықтар » № 41 МЕКТЕПТЕ БИЗНЕС-КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

№ 41 МЕКТЕПТЕ БИЗНЕС-КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Халық банкі» акционерлік қоғамымен Павлодар қаласының денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы №41 жалпы орта білім беру мектебінің ынтымақтастығы аясында жаңа модификациялы мамандандырылған бизнес-кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.

Сондай-ақ, кабинеттің ашылуы Ұлттық валюта — теңгенің 25 жылдығына орайластырылды. Іс-шараға: «Халық банкі» АҚ директоры Бойчин Анатолий Васильевич қатысты.​

Аталмыш кабинет заманауи жабдықтармен қамтылған. Ол мектеп оқушыларының қаржы сауаттылығы бойынша арнайы курс бағдарламасын толық көлемде меңгеруіне, зерттеулер жүргізуге және ғылыми жобаларды әзірлеуге, мектеп қабырғасында алғашқы қаржылық дағдылармен танысуға мүмкіндік береді. Кабинетте «Халық банкі» АҚ қызметкерлері  10 — 11 сыныптардың 62 оқушысына қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізеді. А. В. Бойчин өз сөзінде негізгі қаржы ұғымдарына талдау жасау, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау, қаржыны басқару, бюджетті жүргізу, шығындарды жоспарлау, жинақтарды жинақтау, Теңгенің даму кезеңдері туралы мағлұмат берді.

«Халық банкі» АҚ директоры Бойчин Анатолий Васильевич кабинетке Қазақстан ұлттық валютасының енгізілуіне 25 жыл толуына арналған «Кітаптар каталогын» сыйға тартты.

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар
«Білім айнасы»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.