№16 балабақша базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ұжыммен талқылады.
Елбасы Жолдауындағы жетінші бағытында қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, заманға сай терминология болу керектігін және латын әліпбиіне көшу мүмкіндіктері туралы айтып өтті. 2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін ағылшын тіліне көшіру басталатындығын, нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаҺандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеу үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болатындығын атап көрсетті.
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Білім берудің жаңа сапасы.
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.
Осыған орай «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 балалар бақшасының» ұжымының барлығы да бірауыздан биылғы Елбасы Жолдауының еліміздің бақшалары үшін маңыздылығын айқындап, тиісінше жүзеге асыруына атсалысатындығын білдірді. «Баланы — жастан» деп ата-бабаларымыз айтып өткендей, балабақша – білім беру мекемелернің ішіндегі ең алғашқы баспалдағы болғандықтан, баланы жасынан тәрбиелі, отансүйгіш, білімді етіп қалыптастыруда Елбасы Жолдауына сәйкес ел мүддесі үшін қызмет етуге аталмыш мемлекеттік мекеме ұжымы еш аянбайды.
Абенова Гаухар Карабаевна,
әдіскер
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№16 балалар бақшасы» Мемлекеттік
коммуналды қазыналы кәсіпорын