Пән: ана тілі
Сынып: 4 «а»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларды Өтебай Тұрманжановтың өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру. Ө. Тұрманжанов туралы мағлұмат беру. Тапсырмалар орындау барысында білімдерін қалыптастыру.
- Дамытушылық.Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Топпен жұмыс жасауға, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.
- Тәрбиелік.Оқушыларды құстарға қамқор болуға, адамгершілікке, имандылыққа, достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу
Көрнекілігі: қима қағаздар, ұран жазылған парақ, топ ережесі
Пәнаралық байланысы: дүниетану
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
(Оқушылар қолдарынан ұстайды)
Күнде шат күліп күн,
Өміріміз жайдары.
Мәңгілік бақыттың,
Өзіміз айғағы.
Сабақтың ұраны: Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу.
(Оқушылармен бірге оқу)
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ қою
— Балалар логикалық екпін дегеніміз не?
— Өте дұрыс, логикалық екпін дегеніміз – сөз ішінде белгілі бір буынның күшті, көтеріңкі айтылып, айқын естілуі.
— Енді осы логикалық екпінді пайдалана отырып, «Көктем» өлеңін жатқа айтайықшы. Ол үшін «Мені жалғастыр» ойынын ойнайық.
«Мені жалғастыр» ойыны.
Шарты: Бір оқушы өлеңді бастап айтады, келесі шумағын ары қарай келесі оқушы жалғастырып кетеді. Әр оқушы бір-бір шумақтан айтады.
Жаңа сабақ.
— Балалар, біз өткен сыныптарда Өтебай Тұрманжанов жайында танысқанбыз. Кім біледі, кімнің есінде қалды. Қане, екі топ білгендерін мына қағазға жазыңдаршы.
(Оқушылар білгендерін қағазға түсіреді)
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
— Енді балалар, мен сендерге Ө. Тұрманжанов жайында қосымша мағлұмат берейін, сендер қосымша ретінде жаңағы парақтарыңа білмегендеріңді түртіп алыңдар.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Өтебай Тұрманжанов – 1905жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» ауылында туған. Ташкентте №14 жетім балалар үйінде тәрбиеленеді. 1978 жылы Алматы қаласында дүние салады.
Шығармалары
1925жылы «Таң өлеңдері», 1937жылы «Қошан кедей», 1929 жылы «Таң сыры» т.б шығармалары жарық көрген.
— Балалар, енді біз осы О. Тұрманжановтың тағы бір өлеңімен таныс боламыз. Ол «Жаралы торғай» өлеңі екен.
Оқулықпен жұмыс
Екі топқа өлеңді бөліп оқыту. Бірінші топ екі шумағын, ал екінші топ қалған үш шумағын оқу.
— Балалар, енді оқып болсақ, бірінші топтағы топ басшысы екінші топқа, екінші топтың топ басшысы бірінші топқа мазмұнын түсіндіріп берсін.
Сұрақ қою.
— Балалар, мұнда қай құс туралы айтылған?
— Қараторғай
— Қораторғай құсы туралы не білесіңдер?
— Жақсы, қараторғай «жыл құсы» деп аталады. Өйткені ол көктем мезгілінде бірінші келетін құс.
Сөздікпен жұмыс
Абыржу – сасқалақтау
Торығып – уайымдау
Зауқы – көңіл – күйі
Теңеу сөздермен жұмыс
Құндыздай – құндыз өте бағалы жануар. Ол азайып бара жатқандықтан қызыл кітапқа енген.
Қорғасындай – қорғасын – өте ауыр, тез балқитын металл.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы сұрақтарды оқи отырып жауаптарын айтқызу.
Топпен жұмыс
— Балалар, енді біз осы өлеңде не түсіндік, сол бойынша сурет салып көрейік. Ол үшін алдарыңда жатқан параққа өз ойларыңды түсіріңдер.
Топтың оқушылары өздері салған суреттерін қорғайды.
Сұрақ
— Балалар, тақтада тұрған не?
— Ұяның қандай түрлерін білесіңдер?
— Біздің мына ұяда бізге арналған бір нәрсе бар екен соны кім алады?
— Иә, балалар, бұл хат екен. Бізге бұл хатты жаралы торғай жіберіпті. Қане, оқып көрейік. (Бір оқушы хатты оқиды)
Қорытынды
Мен не білдім?
Не білгім келеді? Сұрақтарына жауап бере отырып өз қолдарындағы қима қағаздарын тақтаға кезек – кезек ілу. (Оқушылар жабыстырғаннан кейін гүлдің суреті шығады)
Үйге тапсырма
«Жаралы торғай» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Бағалау
Оқушылардың бағаларын әр топтың хатшыларынан сұрап, ортақ баға шығару.