Home » Жаңалықтар » Өңірлік жұмыс тобының отырысы

Өңірлік жұмыс тобының отырысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Қостанай облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері А.Н. Мускина, Н.С. Истомина «Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы» ММ өткізген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын біртұтас педагогикалық үдерісімен біріктіру жобасын іске асыру жөніндегі өңірлік топ отырысына қатысты.

Отырыс мақсаты жобаны облыстың пилоттық ұйымдарында іске асыру бойынша өзекті мәселелерді қарастыру болды. Отырысқа Тобыл № 2 орта мектебі, Қостанай қаласының № 17 орта мектебі, Большечураков шағын жинақты мектебінің әкімшілігі мен педагогтері, Қостанай педагогикалық колледжінің өкілдері, сондай-ақ Алтынсарин және Қостанай аудандарының білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Білім беру мекемелерінің ұжымдары рухани-адамгершілік білім беру бағытында жоспарлы, жүйелі жұмыс жүргізуде. Отырыс барысында ұжымдар өздері атқарған жұмыстарымен, адамгершілік-рухани білімді оқыту-тәрбиелеу үдерісімен біріктіру жобасын іске асыру бойынша жұмысымен бөлісті, күрделі мәселелерді күн тәртібіне көтерді. Сонымен қатар, құжаттаманы жүргізу, алдағы мониторинг зерттемесі, педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша бірыңғай талаптар әзірленді. Отырыстың барлық қатысушылары жобаның оң нәтижелерді әкелетінін атап өтті, ал ең үлкен табыстар әлі де алда!

 

Истомина Н.С.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ тренері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.