Білім беру процесін өтпелі тақырыптар негізінде ұйымдастыру Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыруға бағытталған. Білім беру процесін тиімді іске асыру жағдайлары: -әр балаға мүмкіндіктерін және қабілеттерін неғұрлым толықтай ашуға жағдай жасау.
1)Заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру келесі ұстанымдарға сәйкес болуы тиіс:
- жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық жəне икемді болуы;
- тартымды, ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;
- жыныстық ерекшеліктерін; баланың мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін ескеру;
- құралдар кіріктірілген оқу қызметінің мазмұнына сəйкес жəне жан-жақты болуы.
Оқу жылы бойы аймақтарды өзгертпейтін қатаң тәртіптен бас тарту керек.
Заттық ортаны өтпелі тақырыптарға байланысты жабдықтап толықтырып отыру керек. Қазіргі таңда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде STEAM оқытуды енгізу өзекті мәселеге айналып отыр, сондықтан ғылыми орталыққа көбірек көңіл бөлу қажет.
Мысалы Өтпелі тақырып «Бізді қоршаған орта» немесе «Ғажайыптар әлемі» болса, жаратылыстану, қоршаған орта оқу қызметтерінде тәжірибе, экперимент жасауға қажетті құралдармен жабдықталуы керек.
2)Балалардың отбасыларымен ынтымақтастық.
Балабақша педагогтары мен ата-аналарды қамтитын қоғамдастықты қолдау және құру бойынша жұмыс, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасылық, қоғамдық және мемлекеттік дәстүрлерге баулу.
Мысалы «Салт-дәстүр мен фольклор», «Өнер көзі халықта» айлық тақырыптарында ата-аналармен «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастырып, балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысуға жұмылдырса, «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдатса, баланы тәрбиелеу мен білім беруде отбасымен бірлесе отырып, оның тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік туар еді.
3)Инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану.
Инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану баланың тұлғасын дамытуға ықпал етеді, балаға зерттеуші ұстанымын игеруге мүмкіндік береді және алған білімдерін өмірде қолдана білуді үйретеді;
Үйpeну мeн үйpeту тeк өзapa бeлceндi әpeкeттepгe нeгiздeлгeн қapым-қaтынac apқылы жүзeгe acыpылaды жәнe тeк әpeкeттecу apқылы ғaнa үйpeнугe/үйpeтугe бoлaды.Сол себепті балабақшада Интерактивті оқытудың маңызы зор. Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып. Оның бірнеше әдістері бар:
Кластер (топтау)
Инсерт
Пирамида құру
Миға шабуыл
Синектика-эмпатия
Бесбармақ, бессаусақ
Блум таксономиясы
Синквейн (5 жолды өлең)
Ыстық орындық
Пазл
Бұл әдістер балаларды өз ойын толық жеткізуге, еркін сөйлеуге, бір-бірін тыңдауға, бір-бірін бағалауға үйретеді.
Мысалы «Табиғат әлемі», «Мен және қоршаған орта» сияқты тақырыптарды ашуда Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде «Синквейн»әдісін қолдануға болады.
«Cинквeйн» әдici. 5 жoл өлeң құрастыру
1 жoл: 1 зат есім – Бүгiнгi тaқыpып aтaуы (тepeк)
2 жoл: 3 сын есім – Oл қaндaй aғaш? (жacыл, биiк, әдемі т.б.)
3 жoл: 2 етістік терекке қатысты-Тepeк нe үшiн кepeк? (көлeңкeлейді, aуa тaзapтaды, т.б.)
4 жoл: Тepeктeн бacқa қaндaй aғaштapды көpдiңдep немесе білесіздер? (қapa aғaш, қapaғaй, eмeн, шырша т.б.)
5 жoл: 5 сөзден тұратын сөйлеммен беру ( тepeктi өзгe aғaштapдaн aйыpa aлaмын, тepeк тiкe өceтiн әдeмi aғaш т.б.)
4)Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын іске асыру тұрғысында дәстүрлі халық мәдениетінің элементтерін кіріктіру.
Оқыту мазмұнын, балалар шығармаларын, сондай-ақ, ойын материалын таңдауда Қазақстан аумағында тұратын халықтардың этникалық құрамы ескеріліп, дәстүрлі халық мәдениетінің элементтері пайдаланылады;
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа отбасымен бірлесе отырып тәрбиелеу.
Қорыта келгенде мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінде өтпелі тақырыптарды іске асыру ұйымдастырылған оқу қызметі арасында байланысты нығайтуға, балалардың дербес әрекеті, қарым-қатынасы, серуен, дене жаттығуларымен шұғылдану үшін уақытты үнемдеуге ықпал етеді.
Э.Атманова
Талдықорған қаласы
№7 ясли-бақшасының
әдіскері