Home » Мақалалар » «Өткір көз» атанған қариямен кездестік

«Өткір көз» атанған қариямен кездестік

Алматы қаласы Жетісу ауданы, №177 жалпы білім беретін мектептің 3 Ж сынып оқушылары мен сынып жетекші Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы  Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 4 мамыр күні Көкжиек ықшам ауданында тұратын соғыс ардагері Меңдіқараев Қоңыр атаның үйіне мерекесімен құттықтап барды. Қария соғыстағы ерліктерін оқушыларға айтып берді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды, өлең шумақтарын оқып берді. 95 жастағы Қоңыр қария ризашылықпен ақ батасын берді. Оқушылар да өз кезегінде атамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

3 «Ж» сынып оқушысы Балабек Жанайым өз ойымен сті: Мереке қарсаңында сыныбымызбен Қоңыр атамызды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап бардық. Атамыз бізді өте жылы қарсы алды. Ақсақал соғыс кезіндегі басынан өткен оқиғалары мен ерліктері туралы естеліктерімен бөлісті. Қоңыр ақсақал 1944 жылы Белорус майданында пулеметшы болған екен. Ардагерді майдандас достары «Өткір көз» деп атаған екен. Себебі, ақсақал құралайды көзге атқан мерген болған екен. Әңгімесінің соңында Қоңыр ата оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есимбекова Гульдана Алтынбековна
№177 ЖББ мектеп директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.