Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргендіктен, сонымен қатар жыл сайын Астана қаласындағы халық санының өсуіне байланысты қала аумағына келетін өсімдік тектес өнімдер көлемі де көбеюде. Осыған орай өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың карантинге жатқызылған өнімнің жай күйін анықтау үшін бақылау және қадағалау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде.
Жыл басынан ҚР АШМ АӨК МИК Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы карантинге жатқызылған өнімге барлығы 6303 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге 2283 дана фитосанитариялық сертификат, карантинге жатқызылған өнімді республикамыздың аумағында тасуға 4020 дана карантиндік сертификат рәсімделді. Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімдердің импорттаушы елдің фитосанитариялық талабына сай келуін қадағалайды. Бұл өз кезегінде отандық өнімдердің шет ел нарығында еш кедергісіз өтуіне және сұраныста болуына ықпалын тигізеді. Себебі карантиндік объектілерден (өсімдік аурулары, зиянкестері, арамшөптері) таза өсімдік тектес өнімдердің тұтынушылық қабілеті жоғары болады.
Қазір мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы басты стратегиялық бағыттардың бірі –азаматтар мен бизнеске цифрлық нұсқада қызмет көрсету. Бұл тұрғыда үнемі оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып жатыр. Қызмет алушылардың уақытын үнемдеу мақсатында мемлекеттік қызмет алуға өтінімді электронды түрде беруге кеңес береміз.
Аталған мемлекеттік қызметтерді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылы 29 мамырда № 4-4/500 бұйрығы бойынша «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» бекітілген.
Карантиндік сертификатты құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні, ал фитосанитариялық сертификатты – 5 жұмыс күні дайындалады.
Өсімдіктер карантині бойынша туындаған сұрақтарға толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға жүгінуіңізге болады: Астана қаласы, Желтоқсан 28А көшесі, тел/факс. + 7 (7172) 327-288, 327-233 эл.мекен-жай: fitokontrol.ast@mail.ru, ti_kgi_astana@minagri.gov.kz (өсімдіктер карантині және қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі)
Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы
А.Жұпархан