Home » Балабақша » Өрт қауіпсіздігі ережелері. Халмуратова Венера Ергалиевна

Өрт қауіпсіздігі ережелері. Халмуратова Венера Ергалиевна

(Өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту бойынша сабақтың сценарийі)

Міндеттері: білім беру: өрт, оның салдары жайлы іс-қимылдары және оны сөндіру тәсілдері қарапайым білімді қалыптастыруға мүмкіндік жасау. Өрт сөндіруші мамандығы туралы ұғым қалыптастыру.

Сөйлеу: қойылған сұрақтарға жауап беруді, балалардың тілінде өрт, өрт сөндіруші тақырыбында сөйлеуді жиі қолдануды үйрету.

Тәрбиелік: абай болуға үйрету,қайғылы оқиғасы болғанда қайғысына ортақтасу сезімін ояту.

Көрнекіліктер:өрт сөндіру құралы, каска, шелек, машина, күректер.т.б

Ойын барысы:

Тәрбиеші: — Құрметті балалар, біз бүгін осы залда отпен абай болу ережелерін өртпен күресетін адамдар туралы айтуға жиналдық. Өрт сөндірушілер, өртпен күрескен қаншама батырлар бар.

Инара: — Шекарашылар күтпеген келімсектерден жерді қорғайды. Ұшқыштар аспанды қорғайды, ал өрт сөндірушілерге аспан, жер, орман, үйлер мен зауыттарды қорғау сеніп тапсырылады.

Айбатыр: — Балалар, от біздің досымыз бола алады ма?

Барлығы: — Дос бола алады.

Айбатыр: — От біздің қаһарлы жауымыз бола алады ма?

Барлығы: — Мүмкін.

Нурлайым: — Адам бір күнде отсыз өмір сүре алмайтынын бәрі де біледі.

От барда күндіз де жарық,

От барда қыста да жылы.

Әльфараби: Балалар, айналаға қараңдар !

От – біздің күнделікті досымыз

отпен абайсыз болғанда, болады ол жауымыз.

Жаңагүл:

От – адамға дос

Бірақ оны қозғама

Егер отпен ойнасаң

Айтып ауыз жапқанша,

Қауіп келер қасыңа.

Сұлтан:

Ашуланғанда ол зұлым

Ешкімді де аямас.

Мектепті де, үйді де,

Үлкен астық алқабын,

Жолындағы не бардың,

Күлін көкке ұшырып,

Орманға да бас қояр.

Самира:- Өрттің жалынында адамдар өлетінін әр қашан естерінде сақтаңдар!

Барлығы: — Бұны әрқашан есте сақтаңдар!

Тәрбиеші: — Балалар бүгін біздің мерекемізге «Огонек» атты өрт сөндірушілір командасы келеді (марш 3 бала кіреді).

Санжар: — Достар! біздің шағын бригадамыздан

Огонектан дұғай сәлем:

Сіздерге айтар сөзіміз

Бос орынның жоқтығы

Барлық бала ауладан

Огонекке тартылды.

Әртістерді, дәрігерлерді, ғарышкерлерді барлығы біледі, ал біз жайлы үйге қауіп төнгенде ғана естеріне түсіреді.

Мағжан: — Өрт ережелерін қатаң сақтаңдар, жатқа біліңдер.

Ереже барлығыңа қатысты.

Бұл ереже маңызды

Көшеде де, бөлмеде де

Балалар, айбайлаңдар!

Дархан:

Сіріңкені қозғама —

Сіріңкеден от шығар.

Пешті жақсаң абайла —

Қараусыз оны қалдырма.

Бұл ережені есте сақтау оңай,

Электр аспаптармен болыңыз абай.

Әйтпесе болады мынадай жағдай..

(мысық, Алина, Дильназ шығады музыкамен, фартук үтіктеп ұмытады, қорқынышты әуен)

Мысық марғаулармен жылап отырады.

 

Аймира: Үнді, үнді, үнді,

Мысықтың үйі өртенді.

Тауық келді шелек алып,

Бірақ жетпей қалды,

Суын төгіп алып,

Үнді, үнді, үнді,

Мысықтың үй өртенді.

Үйрек шөмішпен жүгірді,

Шөмішін жерге түсірді.

Үнді, үнді,

Мысықтың үйі өртенді.

Олар мұнда қайда тұрады?

Қайда тұрады ол енді (Үлкен кірпішпен үй салады: Аңсар, Айша, Расул, Ясмин)

Тәрбиеші: Балалармен «Сұрақ – жауап»

  • Отты немен сөндіруге болады?
  • Өртті кім сөндіреді?
  • Өрт сөндірушілер өртің болғандығын қалай біледі?
  • Өрт болса қандай нөмірге хабарласады?
  • Өрт болмау үшін не істеу керек.?

Мысыққа біз үй саламыз.

Оларды орналастыру үшін,

Бөтен бұрыштарды жүрмес үшін,

Көшеде өмір сүрмеу үшін,

Қайғысымен бөлісіп,

Шатыр астында бір іс.

(Мысықтар дем алсын, біз ойнауға барайық).

(Үйшіктің алдында оттың макеті тұрады. Арғын).

От: Аяшы мен өрт сөндіруші, мен енді үйді өртемеймін! (жүгіреді, секіреді)

Өрт сөндірушілер: Аузыңды жап, жалмауыз өрт! (айқайлайды)

Абақтыға сені отырғызам,

Егер сен пеште ескі шаммен шырақта қалмасаң!

Дархан: Еңбегіміз еш кетпей

Өртті жақсы сөндірдік.

Мағжан: Ережелерді түнде де, күндіз де,

Есіңде сақта, отпен абай бол!

  • Балалар, өрт сөндірушілер жайлы би білесіңдер ме?
  • — Ия

«Ұлдар биі»

Ал енді ойын ойнаймыз. «Қанекей, шешімін тап!»

Еденге күл түсті, ағаш еден жанды,

Қарап тұрма, күтпе, оған сен кұй ….

 

Балалар: Суды

Тәрбиеші: Қатыгез отты жеңеді, оның аты кім еді?

Балалар: Өрт сөндіруші.

Тәрбиеші: Егер жарылса бір күні

Электр үтігі не істеу керек?

Балалар: Тоқты айыру керек розеткадан.

Тәрбиеші: Егер кіші сіңлілерің үйде сіріңке жақса,

Сендер не істеу керексіңдер?

Бірден сіріңкені….?

Балалар: Алып қою керек.

(видеоролик көру)

Тәрбиеші: Ал енді өрт кезінде іс әрекеттің қатарларын тұрғызайық.

Дабыл естіледі, өрт сөндіру машинасы кіреді.

Тәрбиеші: Бұл қандай машина?

  • Оны қайдан білдіңдер?
  • Өрт с\р машинаға жыпылықтауыш неге керек?
  • Шланг не үшін керек?
  • Айтыңдаршы, өрт деген не?

Балалар: Өрт деген бұл – үй, орман өрттенуі.

Ол неден туындайды?

Оны сөндіру бойынша ойын ойнаймыз.

Біз — жас өрт сөндірушілер                                                                                                                

Шыға аламыз сатыға.

Қолдан келеді бәрі де

Тез шығамыз сатыға.

Біз — жас өрт сөндірушілер,

Шлангісі бар қолда.

Қолдан келеді бәрі де,

Тез бұраймыз оны да,

Біз — жас өрт сөндірушілер

Тез келеміз бәрінен.

Біз — жас өрт сөндірушілер

Күресеміз отпенен.

(Орнына отырады)

Тәрбиеші: Адамдар үшін өрт қауіпсіздік ережесін ойластырайық.

Мөлдір: Оның себептері әр түрлі. Басты 4 себепті айтуға болады:

Үтікті, лампаны, керосин мен бензинді, пештің ақаулығын қараусыз қалдырмау;

— Сіріңкені алмау керек;

— Үйден шықсаң электр жабдықтарын, пешті сөндіруді ұмытпау керек;

— Сәбилерді қараусыз қалдырмау керек;

Сезім: Сіріңке және оттық

Тауып алсаң міндетті түрде ата-анаңа бер!

Есте сақта: Сіріңке – ойыншық емес!

Тәрбиеші: Сіріңкеден шығатын оттың көрінісіне қыздарымыз би билейді.

Би «Жалын».

Сабақтың соңында ережелерді еске түсіреді, балалардан әрқашан есте сақтауын сұрайды.

Менің жақсы көмекшілерім болғандарың үшін сендерге «Жас құтқарушылар» жетонын тапсырамын.

(маршпен 3 бала шығады).

Қорытынды.

Халмуратова Венера Ергалиевна

«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы, тәрбиеші

Степногорск қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.