Home » Жаңалықтар » Өрт – тілсіз жау!

Өрт – тілсіз жау!

«Отпен ойнама – күйерсің, сумен ойнама – батарсың» — деген бабаларымздан қалған ұлағатты сөз бар. Деректерге сүйенсек жер бетінде 10 000 000 өрт болады екен, оның көбі ғимараттар мен тұрғын үйлерде болатын өрттер. 2018 жылдың басынан Қарағанды облысының аумағында барлығы 1392 оқиға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 14,4% — ға азайған. Көпшілік өрт оқиғалары адамдардың өзіндік қателіктерінен туындайды, олар – өртпен және электр құралдарын пайдаланудағы немқұрайлық және абайсыздық. Сондықтанда, барлықтарымыз бірлесіп өрт қауіпсіздік шараларын білуге және сақтауға міндеттіміз.

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқытушыларының ұйымдастыруымен 2018 жылдың қараша айында «Өрт кезіндегі адам қауіпсіздігіне байланысты маңызды мәселелері» атты тақырыпта Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару қызметінің» бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен  студенттер арасында кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты колледж студенттерін қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өрттің алдын алу сияқты мәселелерді талқылау болды. Кездесу барысында студенттерді қызықтыратын бірталай сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға лауазымды тұлғалар өздерінің жауаптарын берді. Оқу – жаттығуларының мақсаты – қауіпсіздік техникаларын тексеру және күшті өрт шарттарын ережелерінен тұрды.  Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғалары өздерінің бейнежазбаларын көрсетті. Бұл бейнежазбалар студенттерге үлкен әсер қалдырды, себебі ол көпқабатты үйлердегі өрт кезіндегі адамдардың терезеден секіргендері, өрт сөндіру кезінде кездесетін қиыншылықтарын көрсетті. Осы роликтен кейін, арнайы сигнал беріліп эвакуация жоспары бойынша далаға шығуды  тәжірибеден өткізіп көрді. Жедел эвакуация кезінде колледж ғимаратынан ұйымдасқан түрде қызметкерлер мен студенттер бірінші аусымдағы студенттер 4 минутта, ал екінші аусымдағы студенттер 3мин 50 секундта шықты.  Нәтижелі де жемісті кездесу осымен аяқталмайды деген үмітпен студенттерде, оқытушылар да арнайы мамандармен қоштасты. Осы кездесуден кейін студенттерде «Сақтықта қорлық жоқ» деген ой қалыптасты және де осы өрт қауіпсіздігіне байланысты ережелерді ести бергенше, іс жүзінде көріп «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» деген тұжырымға келді.

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің әкімшілігі өрт сөндіру жаттығуларына мықты дайындықтары және бұл іс – шараны өткізуге қатысқандардың барлығына, оқытушыларға және студенттерге үлкен алғыстарын білдірді. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару қызметінің» жұмысшыларына және жетекшісіне ынтымақтастық танытқаны үшін үлкен алғыс білдірді.

Бельгибаева Ляззат Какеновна
Қарағанды  жоғары политехникалық колледжі
Өрт қауіпсіздігі кафедрасы
Арнайы пәндер оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.