Home » Жаңалықтар » Өрлеу қызметкерлерінің кәсіби өсуі

Өрлеу қызметкерлерінің кәсіби өсуі

         2017 жылдың 21 маусымы Ресей Федерациясы Қорған облысы білім беруді дамыту және әлеуметтік технологиялар институтынан (бұдан әрі — БДжӘТИ) біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы куәлікті «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы СҚО ПҚ БАИ қызметкерлерге салтанатты түрде тапсырылды.
Білім беруді дамыту және әлеуметтік технологиялар институтымен жүйелі және нәтижелі ынтымақтастық арқасында (2013 жылғы 7 қыркүйектегі № 51 – 07/123 ынтымақтастық туралы келісім) » Білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар » өзекті тақырыбы бойынша корпоративтік курстар ұйымдастырылды. Оқудан филиалдың 45 қызметкері өтті. Оның ішінде профессор-оқытушылар құрамы, бөлім басшылары және мамандары бар.
Біліктілікті арттыру курстары 2017 жылдың маусым айының 6-сы мен 20-сы аралығында күндізгі-сырттай түрінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып өтті (курстық даярлық көлемі — 36 сағат).
Оқу-тақырыптық жоспары келесі өзекті тақырыптарды қамтыды: «Оқытудың интерактивті технологиялары мен педагогтардың өзін-өзі кәсіптік дамытудың ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуін»; «Оқудың аналитикалық Зерттеу технологиясын»; «Коучинг, адам ресурстарын тиімді басқару технологиясы ретінде»; «Білім беру технологиясы Жаһандық ақпараттық желіде (ТОГИС). Веб-квест педагогикада» және т. б.
          Курс оқытушысы және авторы РФ еңбек сіңірген мұғалімі, РФ оқу-ағарту ісінің Үздігі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, білім беруді дамыту және әлеуметтік технологиялар институтында инновациялық қызметі мен ғылым бойынша бірінші проректоры Нина Анатольевна Криволапова болды.




 

 

А.С.Мұстафина
«Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы СҚО ПҚ БАИ
Мониторинг және талдау бөлімінің бастығы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.