Home » Жаңалықтар » «Өрлеу» филиалында салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды

«Өрлеу» филиалында салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды

2017 жылдың 1 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Нұр Отан» партиясының құрылу күніне арналған, бастауыш партиялық ұйымының салтанатты жиналысы өтті.

1999 жылдың 1 наурызында «Отан» республикалық саяси партиясының бірінші съезі ашылды. Делегаттар бірауыздан Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Отан» партиясының бірінші төрағасы етіп сайлады. 2006 жылдың 22 желтоқсанында «Отан» партиясының кезектен тыс Х съезінде Республикалық «Отан» саяси партиясын, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына өзгерту туралы ұсыныс қабылданып,  2013 жылдың 18 қазанында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып ауыстырылды.

  • Иә, биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл толып отыр… Бұл «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ барлық ұжымы үшін өте маңызды сәт. Міне, дәл осы күні институтымыздың 13 белсенді, талантты, мықты азаматтық ұстанымы бар қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының қатарын толтырды.

Мерекелік күнде жиналысымызға институтымыздың қонағы, Қостанай қалалық маслихатының депутаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ақпараттық технологиялар факультетінің деканы – Нұрлан Әмірұлы Медетов қатысты. Депутат барлық партиялықтарды 18-жылдық мерейтойымен құттықтап, партия жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып және жаңа партиялықтарға партия билеттерін ұсынды. Н.Ә.Медетов институт ұжымдарымен  Президентіміздің Жолдауын айқындап, Қазақстан Республикасында өкілеттіктерді бөлу мәселесіне ерекше назар аударды.

Салтанатты рәсім дәстүрлі естелік фотоға түсумен аяқталды.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.