Home » Жаңалықтар » «ӨРЛЕУ» — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ҮШІН!

«ӨРЛЕУ» — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ҮШІН!

ВЕЛОЖАРЫС:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2019 жылдың 13 қыркүйегінде денсаулық күніне және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған «Біз сауалатты өмір салтын қолдаймыз» атты веложарыс акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты салауатты өмір салтын және спортты насихаттау. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 02 қыркүйегіндегі Қазақстан Халқына Жолдауында «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»: Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды.

Акцияны «Өрлеу» Қостанай филиалының ұжымы, автожол және жол техникалық колледждерінің өкілдері, №122, №14  жалпы және негізгі орта білім беретін мектеп мұғалімдері қолдады. Барлығы 30-дан астам адам қатысты.

Веложарыс бағыты Пролетарская көшесі, 86 мекенжайынан Ы.Алтынсарин кесенесіне дейін – ұзақтылығы 30 шақырым.

Веложарыс қатысушылары Қазақстанның ұлы ұзтазы және ағартушы Ы.Алтынсарин кесенесіне гүл шоқтарын қойып, еске алды.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.