2017 жылдың 20-21 қыркүйегі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына сандық білім технологияларын пайдалану» тақырыбында екі күндік практикалық-бағдарланған семинар өтті. Семинардың мақсаты: педагогтердің үздік білім ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділіктерін қамтамасыз ету, басқарудың тиімділігі мен білім беру сапасын арттыру үшін оқу үрдісін автоматтандыру.
Іс-шараның ұйымдастырушылары — «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі және бастауышта оқыту, тұлғаны тәрбиелеу кафедрасы.
Семинар барысында педагогтер Turbo Site, AvtoPlay Media Studio бағдарламаларымен жұмыс бойынша практикалық дағдылар алып, Microsoft Office құралдарымен оқу-әдістемелік материалдарды дайындау тәсілдерін оқыды.
Семинарға қатысушылар сандық білім технологиялары саласында білімдерін толықтыруға мүмкіндік берген, сонымен қатар оларды мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына пайдалануда ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығы зор екендігін атап өтті.
Семинар соңында әр қатысушы куәлік алды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»
ҚББҚБ жетекші маманы Донскова К.А.