Home » Мақалалар » Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

2017 жылдың 25 қаңтарынан 13 қазаны аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»-ның директоры Е.Т.Исимбаев АҚШ-да халықаралақ ынтымақтастықтың тәжірибе сұрақтары бойынша, атағанда STEM (дәлдік ғылым) пәнді оқытудан тағылымдық оқудан өтіп, оралысымен «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»-дағы әріптестерімен жалпы институттың жиналысында өзінің ой пікірлерімен бөлісті.

Сөз басында ол аталған сапарға барғандардың топтық құрам мүшелерімен таныстырды: «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның Басқармасының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К.Ахметова; «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ»-ның директоры, педагогика ғылымдарының докторы А.Ж.Мырзалинова; ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментінің ұйымдастыру және әдістемелікті қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Ш.Е.Қасымова болғанын жеткізді.

Директор АҚШ-ның Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асырған бағдарламаның толық бағыт-бағдарын айтып берді. Баяндамашы әр сабақ әр жаңа штаттарда өткізіліп, мұғалімдерді көптілділік ортада оқытудың дайындықтағы сұрақтары бойынша пікірлер бөлісіп, дәлдік пәндерді оқытуда инновациондық формалар және басқада тәжірибелердің болғанын ортаға қызықты түрде жеткізді. Осының барлығы Вашингтон, Портленд, Цинциннати, Пенсакола, Нью-Йорк қалаларында өтті.

Одан әрі директор АҚШ-дағы білім жүйесіндегі өзгешіліктерді айта келе, олардың білім жүйесіндегі өзгешеліктер бізге үйлеспейтін кезеңдерін алға тартты.

Еркін Тұрашұлы білім қандай мемлекетте болсын ол қоғамдағы өмірдің сапасын көрсететіндігін атап, білім арқашан елімізді бәскелестікке қабылеттілігін қамтамасыз ететінін тілге тиек етті. Сөз соңында басшы елімізде білім саласы толығымен жаңғыру жолында екенін атады. Осыған байланысты шет мемлекетте алған білім және тәжірибе институтта үш тілділік жобаларды жүзеге асыруда пайдасын тигізіп, бізге жаңа бір шығармашылық қарқын беретініне сенімділігін білдірді.

 

«Өрлеу» БАҰО АҚФ

«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.