Home » Жаңалықтар » «Өрлеу» балалардың жолдарда қауіпсіздігі үшін

«Өрлеу» балалардың жолдарда қауіпсіздігі үшін

2019 жылдың 04 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Абайлаңыз – балалар!» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының шеңберінде «Жол жүру ережелерін сақтау керек!» жалпы облыстық интерактивті сабақты өткізді. Сабақ мұғалімдер үшін балаларды жол жүрі ережелерін оқытуға көмек етуге үндейді. 

Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен өтетін жол-көліктік жарақат алудың мәселелері – аса бастылардың бірі. Балаларды жол жүру тәртібіне дұрыс үйрету жас кезінен басталу керек.  Ұстаздар мен ата-аналардың міндеті – бүгінгі күнгі мектеп оқушыларынан сауатты және тәртіпті жол жүру қатысушыларын тәрбиелеу. Балалардың жол-көлік травматизмінің алдын алу мен оқушылар арасында жол үстіндегі қауіпсіздік тәртібін қалыптастыру жұмыстары әр білім беру мекемесінде жүргізіледі.  Заманауи жүрдек көше қозғалысы жағдайында үнемі сақ болу керек, осыған байланысты  барлық жол жүру қатысушыларына   талаптар  зор қойылып, максималды назар аударып, бір біріне ескерту жасаған жөн.   

Интебелсенді сабақ барысында келесі аспектілер қарастырылды:

  • жол жүру ережелерін оқыту жөнінде жағдай жасау, көше мен жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін үздіксіз оқыту үрдісін қамтамасыз ету;
  • балаларды жол мен көшелердегі қауіпсіз тәртіп негіздеріне үйрету;
  • ата-аналармен жүргізілетін алдын-алу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен мазмұны.

Интерактивті сабақтың қонақтары ретінде «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» медициналық мекемесінің, Қостанай облыстық ПД ЖПҚБ, Қостанай қ. ПД ЖПҚБ инспекторлары,   Қостанай қ. әкімдігінің білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» ММ  жол жүру ережелері жөніндегі инспекторлары болды.

Қостанай қ. әкімдігінің білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» ММ ЖЖИ отрядының диспут-көрінісі интерактивті сабақтың ең қызықты сәті болды. 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.