«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы К. Смагулова Қарағанды қаласы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өткен «Латын әліпбиіне көшу – тілім үшін жасалған игі қадам» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі туралы Елбасы Жолдауына қолдау көрсету, латын әліпбиіне көшудің өзектілігін жас ұрпаққа насихаттау.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды «Болашақ» академиясының доценті Бабашов Азат Мақсұтбекұлы, оқытушы-ғалымдар, ардагер ұстаздар және мұғалімдер, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары қатысты. А.Бабашов латын әліпбиіне көшудің өзектілігіне назар аударса, семинарға қатысушылар ұлт болашағы үшін құндылық екенін талқылап, ұстаздар мен оқушылар жаңа әліпбидің мемлекет болашағын өркениетке апаруға жол ашатындығына тоқталды.
БАИ аға оқытушысы К.Смагулова өз сөзінде жаңа әліпбидің түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатындығына назар аударды. Ал ардагер ұстаз Тауықбаева Бәтіш Мұқатайқызы тәуелсіз рухтағы қазақ жастарының ұлтын сүйетін ұрпақ болып қалыптасуына жаңа әліпбидің тигізер пайдасы маңызды екендігін айтты.
Дөңгелек үстел мектеп ұстаздарына және шәкірттерге құнды мағлұмат беретін кездесу болды.
Смагулова Казиза,
тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы,
Қарағанды облысы