А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі өзінің қазіргі «Astana Opera», «Astana Ballet» секілді танымал балет труппаларындағы солисттері, корде-балеттері, мың бұрылған бишілер бастау алған орда екенін бірі білсе, бірі білмейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауы Қазақстанда күннен-күнге қарқын алып, жаңа белестерді бағындыруға талпындырып жатыр. Өзгерістерге толы өңір, ұлтты рухани тұрығадан байытып өнер, білім, заманауи технолгияларды қарыштай түсуде.
Бұл оқу ордасы өнерге деген сүйіспеншлігі бар, талпынысқа толы жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді қуана-қуана қарсы алады. Жастайынан би мен қатал тәртіпке баулыйтын мектеп, күні бүгін 2018 жылдың 22 ақпанда «Розы Казахстана» аттты байқауын халықаралық деңгейде өткізді. Атап айтар болсақ Ресей, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан секілді елдердің би- өнер мектептері атсалысты. Алматы хореографиялық училищесі бұл байқауды екі жылда бір рет өткізеді. Аталмыш конкурсқа 2 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер бағын сынай алады.
Қайырымдылық қоры «Мәдени мұра» мен БФПРиНК «Содружество» басты мақсаты ұлттық мемлекет бөлігі ретінде, әр түрлі халықтардың ұлттық мәдениеттерін сақтау және дамыту, әр түрлі өнер балалары мен жастар және ересектер шығармашылығын дамыту және жетілдіру болып табылады.
Бұл байқаудың жеңімпаздары басым көпшілігі Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінен болды. Отандасымыз Қасымова Айшолпан халық биі номинациясында 3 орынды алып ұялы телефонды жеңіп алса, Мұхатмежан Жұлдыз замануи хореография номинациясында1 орынды қанжығасына иелеп Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясында қаламақысыз оқуға мүмкіндік алды. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз демекші Гран-при орнын Жансерік Ақарыс алып АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында Skidmore College мектебінде 3 айлық ақысыз тәжірибе өтуге мүмкіндік алып, Қазақстанды нағыз рухани жағынан жан-жақты бай мемлекет екенін тағы бір рет дәлелді.
Бұл байқаудың ең басты мақсаты басқа елдермен тәжірбие алмасып, ол елдің мәдениетімен тереңірек танысу болды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын осындай іс-шаралардың арқасында одан әрі дамыта түсіп, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші Қазақстанды бірге гүлдендірейік!
Құтбанбаева Дана