Home » Сценарийлер » Өнерлі өрендер

Өнерлі өрендер

Абдрахманова Салтанат Таубаевна,
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің дауыс қою пәнінің оқытушысы

 

Облыстық көркемөнерпаздар байқауының сценарийі
Ұйымдастырушылар: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі

Өткізілетін орны: Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залы.

(Әсем музыка әуені естіліп тұрады. Сахнадағы проекторда конкурс эмблемасы тұрады).

 Фанфар ойналып, ортаға жүргізушілер шығады.

1 ж: Армысыздар, өнер додасына қатысушы үміткерлер!

2 ж: Қайырлы күн, құрметті оқытушылар мен студенттер, жалынды жанкүйерлер!

1 ж: Бүгінгі, Ж.Мусин атындағы колледжімізде өткізілгелі отырған «Өнерлі өрендер» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауына

 Екеуі бірге: Хош келдіңіздер!

2ж.  «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл – күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте – бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтып кеткен.

1 ж: Бүгінгі біздің колледжімізде өткізілгелі өнер байқауының да басты мақсаты жас дарындарды анықтау, олардың шығармашылық өсуіне ықпал жасау, өнерлерін насихаттау.

2 ж: Бүгінгі байқауға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1 ж: Қазылар алқасының төрағасы, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, композитор Құрмет Сақай.

2 ж: Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Заманбекова Әлия Заманбекқызы

1 ж: ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, дауыс қою пәнінің оқытушысы Бешимов Қайрат Бақытжанұлы.

 2ж: ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Үздік педагог – 2018» колледжішілік байқауының 1 орын иегері, фортепиано пәнінің оқытушысы Мустафина Сауле Галиханқызы.

1ж: Домбыра пәнінің оқытушысы, Құсайынов Әділ Әлібекұлы.
2ж: Ендігі кезекте, байқауымыздың ашылу салтанаты рәсімін бастау үшін, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Заманбекова Әлия Заманбекқызын сахна төріне шақырамыз!

Құттықтау сөз сөйленеді. (стойка, микрофон)

Л.Хамиди. «Бұлбұл» орындайтын: музыка бөлімінің 4-курс студенті Хагазбек Мәрзия.

(хабарлаусыз шығады, 1 микрофон)

 

1ж: Ендігі кезекте, ортаға жеребеде таңдалған нөмір сандарымен байқауға қатысушы үміткерлерді шақырамыз!

 

2ж: Бірінші нөмірлі қатысушымыз  …………………………….

 

Реттік нөмірлерімен барлық сайыскерлер сахнаға шығады.

 

1ж: Байқауға қатысушы үміткерлерге сәттілік тілей отырып, сіздердің қошаметтеріңізбен сахна сыртына шығарып салайық!

 

2 ж:

Жинаған өн бойына өнеріңді,

Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.

Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,

Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.

1 ж: Ортаға алғашқы болып өз өнерін көрсетуге ……………………………….. шақырамыз!

 

(15 сайыскер  реттік сандарымен өз өнерлерін көрсетіп шығады. 10 минуттық үзіліс жарияланады)

2ж: Құрметті көрермендер, жанкүйерлер! Байқаудың алғашқы он бес қатысушысы өз өнерлерін көрсетіп шықты. Келесі қатысушыларымыздың өнерлерін тамшаламас бұрын байқауға он минуттық үзіліс жариялаймыз! Байқауымызды үзілістен кейін қайтадан жалғастыратын боламыз.

 

1 бөлім аяқталады.

 

Әсем музыка ойналады. Жүргізушілер ортаға шығады.

2 бөлім.

 

2ж: Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнерге бейімдеп өркендете аламыз. Музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, яғни шынайы сүйеміз, немесе жиренеміз. Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдіреті әбден жетеді.

 

1ж: Ендеше, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жанымызды жадыратар  әсем музыка әуенін әуелетер байқауымыздың екінші бөлімін бастаймыз!

 

2ж: Сахна төріне № 16 нөмірлі қатысушымыз………………………..шақырамыз!

(14 сайыскер реттік сандарымен өз өнерлерін көрсетіп шығады)

 1ж: Құрметті көрермендер! Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Өнерпаздарымыздың бағасын беріп, байқаудың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасын ақылдасу алаңына өтулерін сұраймыз!

2ж: Құрметті байқау қатысушылары! Қазылар алқасының шешімі дайын болғанша,сіздердің назарларыңызға музыка бөлімі студенттерінің шағын концерттік бағдарламасын тамашалауды ұсынамыз!

1ж: Концертімізді бастамас бұрын, колледжіміз және музыка бөлімі туралы бейнебаянға назар  салайық!

(музыка бөлімі туралы бейнебаян көрсетіледі)

  1. Алдарыңызда «Жас Талант» I халықаралық балалар, жасөспірімдер және ересектер байқау – фестивалінде фортепиано номинация бойынша 19 – 23 жас категориясы арасында 3 орын иегері Муканмедияр Динара  Е.Дога  «Сонет»  шығармасымен.

Фоно

  1. «Этюд» баянистер ансамблі И.Тамарин «Музыкальный привет» (9 орындық 3 стойка микрофонмен)
  2. Роджерс «Луна» орындайтын «Жас Талант» I халықаралық балалар, жасөспірімдер және ересектер байқау-фестивалінде фортепиано номинация бойынша 16-18 жас категория арасында 2 орын иегері Темірхан Айшуақ.
  3. Тұран триосы «Алға»
  4. Орынбасар мен Нұргүл «Бір үйдің баласы»
  5. 4 курс студенттерінің орындауында вокалистер шеруі  «Попурри»

: Байқауды қорытындылауға қазылар алқасының төрағасы Құрмет Сақайды шақырамыз!

 

2ж: Байқауға өнерпаздарды дайындағандары үшін жетекшілеріне сертификаттарды табыстау үшін директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы шақырылады.

 

1ж: Құрметті көрермендер! Байқаудың шешуші сәті марапаттау рәсімін бастаймыз.

Аспаптық және вокалдық номинациялары бойынша байқауға қатысқандары үшін дипломдары табыстауға Құсайынов Әділ Әлібекұлын сахна төріне шақырамыз

 

: Аспаптық орындаушылық номинация бойынша жүлделі орындарды марапаттау үшін қазылар алқасының төрағасы Құрмет Сақайға беріледі.

1ж: Жеке ән салу номинациясы бойынша жүлдегерлерді марапаттау үшін сахна төріне қазылар алқасының мүшесі Бешимов Қайрат Бақытжанұлы шақырылады.

2ж: Осымен бүгінгі «Өнерлі өрендер – 2018» облыстық өнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті.

1ж: Барлық жүлдегерлерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Еліміздің мәдениетін өркендетуде қосар үлестеріңіз мол, өнер әлемінде алар асуларыңыз биік болсын,құрметті байқау қатысушылары!

2ж: Ендеше, келесі өнер байқауында бас қосқанша сау – саламатта болыңыздар!

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.