Home » Мақалалар » Өнерлі қырандардың алтын ұясы – қазақ ұлт аспаптар бөлімі…

Өнерлі қырандардың алтын ұясы – қазақ ұлт аспаптар бөлімі…

Қазақ ұлт аспаптары бөлімі болып ашылмай тұрған кезде орыс ұлт аспаптары бөлімінің ішінде 1978 жылдан бастап Марат Бекенұлы Кентаев домбырадан сабақ берді. Содан кейін консерваторияны бітіріп келген Күдерова ұстаздар тізімін ұзартты.

1982 жылы консерваторияның сырттай оқу бөлімінде оқи жүріп, Серік Рамазанұлы  Малаев арнайы директордың шақыруымен Павлодар музыка училищесіне (1983-1988) домбыра класынан сабақ беруге келді. Секең Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің директоры (2011-2016), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», оқытушы, дирижер. Павлодар өңірінде қазақтың ұлттық аспабы домбыраны оқытып үйретуде осы аталған тұлғалар көш бастаушы ұстаздар екендігін үлкен құрметпен атауымыз керек.

Кешегі атауы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищесіндегі орыс, қазақ халық аспаптар бөлімінің ашылғанына биыл 40 жыл. Сол кездегі Қазақ халық аспаптарынан құралған оркестрдің негізін қалаушы – Серік ағамыз болды. Бастапқы кездегі аспап домбыра ғана еді. 1987 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітіріп жолдамамен Нұрзия Назарбекқызы Габдуллина домбыра классына және 1988 жылы осы консерваторияның түлегі Рыскүл Асаубайқызы Сабекова домбыра классына жұмысқа қабылданды. 1989 жылы шақыртумен Клара Төлеубайқызы Жаманшалова осы бөлімде қобыз сыныбын ашты. Ал 1990 жылдан бастап, осы ұстаздардың бастауымен қазақ халық аспаптар бөлімі жеке бөлім болып ашылды. Сол кезде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халыққа білім беру ісінің үздігі, күйші – дирижер Мырзағали Рақымұлы Айдаболовтың бөлімге келуі оркестрге үлкен кәсібилік серпіліс берді. Содан кейін 2007 жылы Нұролла Бекжанов қыл қобыз класын ашты.

Бөлім ашылғалы бөлім меңгерушісі қызметін атқарған ұстаздарды атап өтсек: Клара Төлебайқызы Жаманшалова, Талғат Баритұлы Каримов, Нұрзия Назарбекқызы Ғабдуллина, Гүлсара Садйгалиқызы Сагиева, қазіргі таңда Рыскүл Асаубайқызы Сабекова бөлім меңгерушісінің қызметін атқаруда.

Осы уақыт аралығында домбыра, қобыз, шертер, қыл қобыз аспабы бойынша түлектеріміз колледж қабырғасын бітіріп, бірі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына, бірі Астана өнер Академиясына түсіп білімдерін шыңдап, қәзіргі таңда қара шаңыраққа қайта оралып қызмет етуде. Көптеген студенттеріміз Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде жұмыс жасап жүрсе, ал кейбір түлектеріміз Павлодар облысының мәдениетін көтеруге ат салысуда. Осы жылдар аралығында талантты оқушыларымыз колледждер арасындағы Халықаралық және Республикалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Айта кетсек;

Олар: Сабекова Р.А.-ның оқушылары Қайыргелдіқызы Өркен, Қуандық Нұргүл, Байбусунов М.,Сейфулина Д., Жиеналин Д., Әділбеков Ерасыл, Сайырхан Е., Құрманғали А. Кернеева К., Омар Н., Байбусунова. Т.М.-ның оқушылары: Утемисова Салтанат, Қорабаева Ж, Қайыржанова Ж, Жангожинова А,Сағатова Т, Олжабаев Н, Сабиғанов Б, Кабенова З, Кабдылова А, Жақсыбек Д, Бекбаев М, Егімбай У, Байгушкарова  А, Сайлаубаев Д. Габдуллина Н. – Арынова А. Сексембаева М.С. – Олжабай Т.

Қобыз сыныбының оқытушысы Жұмашева Ү.Қ.- ның оқушылары: Гадысова М., Джапанова Г., Абенова А.

Айнұр Бақытқызы Канаеваның оқушысы Тұрсынбекова А., Төлеу А., Жұмабаева М.

Гүлсара Сайдыгалиқызы Балпанова – Сатыбалдина А.

Шертер класының оқытушысы — Тютюнова К.О шәкірті — Бағдат А.

Қазақ ұлт аспаптары оқушыларының ішінен Р.А. Сабекованың жетекшілік етуімен 2012 жылы «Өнеге» домбырашылар триосы құрылды. Олар өздерінің жоғары деңгейде кәсіптік орындаушылығымен үлкен ықыласқа ие болды. 2013 жылдан бастап ансамбль  Испания, Италия, Финляндия мемлекеттерінде кәсіптік деңгейдегі байқауларға қатысып Бас жүлдеге ие болса, 2011-2013 жылдары Ресей, Қазақстан президенттерінің алдында өнер көрсетіп, зор қошеметке бөленді. Қазіргі таңда «Өнеге» триосы әрі қарай дамып, құрамы толықтырылып: жетіген, шертер, саз сырнай, су сылдыр, сыбызғы, нарқобыз, дабыл, даңғыра, шаңқобыз аспаптары қосылып үлкен этно-фолькорлық бағыттағы ансамбльге айналды. Осы ансамбльге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Білім басқармасының қолдауымен арнайы жаңа концерттік киімдер тіктіріліп, сирек кездесетін аспаптармен қамтамасыз етілді. Күні кеше ғана Тәуелсіздік күнінде Қазақстан Республикасының өнер қайраткері атағымен марапатталған Талғат Баритұлы Каримовтің жетекшілігімен қазақ ұлт аспаптар оркестрінің де ұлттық киімдері жаңартылуда. Осы орайда біздің кешен басшысы Серік Қасымханұлына да алғысымыз шексіз.

Бұдан бөлек бөлімімізде Үміт Қойшыбайқызы Жұмашеваның жетекшілігімен қобызшылар ансамблі, Күләш Орынбасарқызы Тютюнованың басқаруымен шертершілер ансамблі де көптеген ауқымды іс-шараларға қатысып, үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүр.

2019 жылдың сәуір айында колледжіміздің 60-жылдық мерей тойына орай үлкен іс-шаралар өтеді. Осыған байланысты бөлімімізде Рүстембек Омаров атындағы кабинеті ашылуда.

Осы ұстаздардың талапкер өнерпаз студенттеріміздің білімін кәсіби тұрғыда меңгеріп, эстетикалық талғамын өсіріп, өнер тағылымдарын ерекше үйренуіне талмай ат салысуының арқасында Павлодар музыка колледжі Қазақстан бойынша ең беделді колледждердің бірі болып саналады. Бөліміміз болашақта бұдан да жоғары биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.

Утемисова Салтанат Рисбековна,
 «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы
«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық
мектеп – интернат» кешені» ММ.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.