Home » Балабақша » Өнерлі отбасылар сайысы өтті

Өнерлі отбасылар сайысы өтті

Қарағандыдағы «Алтын сақа» бөбекжайы» балабақшасында ерекше байқау өтті. «Біз шығармашыл отбасымыз» атты музыкалық отбасылық бұл байқауды музыка жетекшілері ұйымдастырған. Музыка жетекшілері М.А. Жұмабаева мен Г.К. Оспанова осындай байқау ұйымдастыру арқылы өздерінің тек тәрбиешілермен ғана емес, сонымен бірге ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейтіндерін көрсетті.
Байқау 4 номинация бойынша өтті:

  • «Ән көңілдің ажары»
  • «Биші отбасы»
  • «Шебер қолдар»
  • «Біз музыкалық аспапта ойнаймыз».
    Осы номинациялар бойынша шараға барлығы 20 отбасы қатысты. Әр номинация бойынша орындар тағайындалды. Жанұя болып жарасып, бар өнерлерін ортаға салғандар түрлі сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды. Ал барлық қатысқан ата-аналарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Ал бүлдіршіндерге рухани азық бастауы болсын деген ниетпен кітаптар сыйланды.
    Қорыта айтқанда, өнерлі өрендер де, қауырт тірліктен бір сәт серпілген ата-аналар қауымы да бұл бастаманы құптайтындықтарын байқатты. Бөбектердің бұл күнгі өнер көрсетуі бала бойындағы шығармашылық қабілеттің ашылуына септік етері сөзсіз. Бұл байқауды үлкен саханаға жасалар алғашқы тәй-тәй қадам деуге болады. Сондықтан да ата-аналар қауымы музыка жетекшілеріне, тәрбиешілерге  шексіз алғыстарын жолдады.

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.