Жуырда «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында «Балалық шақтың белгісі» деген атпен балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына арнап ашық есік күніне орай отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-аналар арасында «Өнерілі отбасы» сайысы болып өтті. Сайыстың шарты бойынша ата-аналар өз отбасымен сайысқа түсті. Бұл сайысқа бес отбасы қатысып өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Атап айтсақ, «Темірқазық» тобынан Төребаевтар отбасы, «Балдырған» тобынан Мұқашевтар отбасы, «Балдәурен» тобынан Серіковтар отбасы, «Айжұлдыз» тобынан Аманжоловтар отбасы, «Еркетай» тобынан Абубакировтар отбасы қатысты. Сайыс алты бөлімнен тұрады. Алғашқы таныстыру бөлімінде сайыскерлер сахна төріне шығып өз отбасымен таныстырса, ал сайыстың екінші бөлімінде экраннан көрсетілген жасырын ұяшықты таңдап сол ұяшықта көрсетілген қазақтың ұлттық аспаптарын атын атап, неден, қалай жасалғанын айтып өтті. Ең қызықты сәті үшінші бөлім бойынша әр түрлі ұлттың биін билеп көрсетуі болды. Бұл бөлімде тамаша өнер көрсеткен «Балдырған» тобынан Мұқашевтар отбасы ұл-қыздарымен бірге тамаша өнер көрсетті. Мақал-мәтелдің ұйқасын тап бөлімінде «Еркетай» тобының ата-анасы белсенділік танытты. Ал әуенді тап бөлімінде «Темірқазық» тобының ата-анасы Төребаевтар отбасы тапқырлық танытты. Ал сайыстың соңғы бөлімі өз өнері бөлімінде әр отбасының дайындап келген өнерлері өте тамаша болды. Серіковтар әулеті Аиша мен Бүркіт әніне пародия жасаса, «Айжұлдыз» тобының тәрбиеленушісі М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтып берді. Ал «Темірқазық» тобының тәрбиеленушісінің әкесі домбыра және гитара аспаптарын ойнаса ал анасы мен қызы қол өнері тігіп әкелген құрақ көрпешесі мен тоқыма өнерін көрсетті.Сайыстың бұл бөлімінде тағы да тамаша өнерімен ерешеленген «Балдырған» тобынан Мұқашевтар отбасы болды.Атап айтсақ ұлы Хабибали саксафонмен «Домбырысыз ән қайда» әуенін орындаса, сүйкімді кішкентай қыздар Мерей, Ханшайым, Нұрлыайым киманосын киіп каратэ қимылдарын көрсетіп және Ерке Есмаханның әдемі әнін орындап берді. Ал осы отбасының анасы Жайна болса арнайы тігіп әкелген «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкер-қуыршақтарын балабақша бүлдіршіндеріне тарту етті. Отбасылық сайыс өте қызықты өтті.
Нәтижесінде қазылар алқасының мүшесі балабақша әдіскері Ж.Айтбай ата-аналар мен балаларының өнеріне тәнті болып, алғысын білдірді. Сондай-ақ іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып өтіп,осындай қызықты өнер сайысын ұйымдастырған С.Иманходжаеваға шығармашылық табыс тіледі. Отбасылық өнерлі сайыстың қортындысы бойынша бас жүлдені Төребаевтар отбасы жеңіп алса, 1-орынды Мұқашевтар отбасы иеленді. Ал 2-орынды Абубакировтар отбасы, 3 орынды Серіковтар отбасы және Аманжоловтар отбасылары ие болып сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бибіәсия Нұғманқызы,
«Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі