Home » Ашық сабақтар » Өнерлі бала сүйкімді

Өнерлі бала сүйкімді

Самбетова Гулмира 
А.Жами атындағы жалпы орта мектебінің
өзін – өзі тану мұғалімі

 

Өтілетін күні: 08.02.2018жыл
Сыныбы: 3 «А»– сынып
Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
  2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?
    А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?
    Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?
  3. Дәйексөз: Тақтада жазылу тұрған Жетес шешеннің «Адамның сәні- өнер, білім, ақылы» деген даналығының мәні ашылады.

Мұғалім: Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Оқушылар дәйексөзді дәптеріне жазып алады.
4. Жаңа сабақ. Әңгімелесу
А) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?
Б) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер?

В) Адам өнерді не үшін үйренеді деп сұрақ қойып, әнгімелесеміз.

Г) Тапсырма. Балалар топ болып жарысамыз. Оқулықта берілген суретке қарап, өз өнерлері туралы айтып беру ұсынылады.
5) Жаңа ақпарат. Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіру. «Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді»
А) Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау барысында балаларда өнерлі бала туралы ойлар жинақталады.
Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».
Б) Сергіту сәті. Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды.
6. Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып «бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуы сұралады. Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз?
— Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.

  1. Жүректен – жүрекке. а) бірінші топ – бұлтқа адам жанын жабырқататын сөздер в) екінші топ – күнге анасы қалай еркелететінін жазу, үшінші топ – кемпірқосаққа алғыс айтқандағы сөздер жазу. Балалар, кез – келген өнер түрі адамға жақсы сезімдер сыйлайды екен. Дәл қазір барлығымыз шеңберге тұрып, қол ұстасып Өтебай Тұрманжановтың «Бәрі жақсы өнердің» өлеңін жатқа айтайық.
  2. Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу
  3. Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы» .

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.