Home » Айтарым бар » Өнерлі бала елдің көркі

Өнерлі бала елдің көркі

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі — өнер. Ал, бұл өнерді мен жүрек түпкірінде бір сиқыры бар сияқты адам Қанипа Төлегенқызынан көремін.
«Өнерлінің қолы алтын дегендей» — Қанипа Төлегенқызының жасаған жұмыстарынан өз ісінің шебері екенін бірден түсінуге болады. Дайындаған бұйымдарын ұлттық  нақышпен өрнектейді, дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады. Әр кез сабағына барған сайын әр түрлі иделар мен әр түрлі жұмыстарды көремін. Қанипа Төлегенқызына қарап армандарымның бір бөлігіне дизайнер болуды да қосып қойдым.
Мен өз хоббиімді ан салу деп, домбыра шерту деп айтып жүрсем, енді қол өнерге деген  қызығушылығым артып, әртүрлі тастанды заттардан бұйымдар жасауға әуестене бастадым. Ән салу мен домбыра өнерін әкемнен үйренсем, қол өнерге деген қызығушылығым артып, еңбек сабағының мұғалімі Қанипа Төлегенқызынан дәріс алудамын. Бос уақытымда Қанипа Төлегенқызының жасаған бұйымдарының жасалу технологияларымен танысып, өздігімше әдемілеп тігіп шығаруға тырысамын. Аз уақыт ішінде моншақтарды тізу, матаны кестелеу, кескінді пішу сияқты әдістерді үйрендім. Бұл әлі жұмыстарымның бастамасы деп білемін.
«Өнерлі бала елдің көркі» — дегендей елдің, халықтың баласы болуды армандаймын.

 

 

Дария Гарифуллина,
Павлодар қаласы «Жас дарын» мектебінің
5 «Г» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.