қалалық мектеп оқушылары арасында ғылыми-танымдық конференция
19.04.2019 ж. Қарағанды қаласының білім бөлімі мен Қарағанды гуманитарлық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен заманының заңғар тұлғалары, қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Өнегелі өмір» тақырыбында қалалық мектеп оқушылары арасында ғылыми-танымдық конференция өтті.
Жалпы қалалық мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған конференция мақсаты – қазақ әдебиеті тарихында өздерінің қолтаңбасын қалдырып, өр тұлғасын танытқан үш бәйтерек – үш ғұмыр – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің биік өресін, шығармашылық қырын, өнерпаздық келбетін, парасаттылық болмыс-бітімін, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын таным таразысына салып зерделеу, зерттеу.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында айтылған ұлтымыздың рухани мол мұрасын, төл тарихын жетік білетін және бағалайтын өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу.
Аталған іс-шараның пленарлық отырысын ашқан Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры,«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Әміров Есжан Сарманқұлұлы «Ұлт руханиятының көсемдері» тақырыбында баяндама жасады. Қарағанды қаласының білім бөлімінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің әдіскері Жаркеева Гүлназ Бекетовна, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті филология ғылымдарының кандидаты Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының ғылыми іс жөніндегі орынбасары Жусупов Дәурен Сеитович сөз алып, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.
Бағыттар бойынша төмендегі жұмыстар үздік деп танылды:
- «Өлең сөздің гауһар тастай дарасы» (С.Сейфуллиннің ақындық, жазушылық қыры, зерттеушілік ізденісі, азаматтық, қайраткерлік бейнесі, өнерпаздық тұлғасы, поэзиядағы жаңашылдығы туралы) бағыты бойынша:
Ι дәрежелі диплом Тусупбекова Саяжан, №16 ЖББОМ, жетекшісі: Аятбекова Рауза Касымовна;
ΙΙ дәрежелі диплом Нәрікбай Нүркен, А.Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназия; жетекшісі: Сатыбалдина Лаззат Сериковна;
ΙΙΙ дәрежелі диплом Акылов Адиль, Береза Вероника, №15 ЖББОМ; жетекшісі: Темиржанова Арайлым Бейбутовна.
- «Қазақты сұлу жырға қанық еттің» (І.Жансүгіровтің үлкен парасат иесі екендігі, қоғамдық-әдеби қызметі, шығармаларының идеялық-көркемдік сипаты, өмір шындығы туралы) бағыты бойынша:
Ι дәрежелі диплом Абдуллаева Нұрай, №6 ЖББОМ, жетекшісі: Шунеева Аширкуль Егембердикызы;
ΙΙ дәрежелі диплом Омірзакова Айзада, №93 гимназия; жетекшісі: Амирбекова Алтын Мажитовна;
ΙΙΙ дәрежелі диплом Жамалиденова Зере; №59 ЖББОМ, жетекшісі: Сагындыкова Салтанат Санекеевна.
- «Бір ғажап сиқыр күш бар тіліңде ойнар» (Б.Майлиннің қаламгерлік, суреткерлік, шеберлік қарымы, дала жырларының өзіндік ерекшеліктері, драмалық шығармалары жөнінде) бағыты бойынша:
Ι дәрежелі диплом Шәмірбек Шұғыла, С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей, жетекшісі: Кызырова Асем Бериковна;
ΙΙ дәрежелі диплом Арыстанбекова Мадия, №101 мектеп-лицей; жетекшісі: Сагибаева Манар Абдумухашевна;
ΙΙΙ дәрежелі диплом Нурмышева Жадыра; №21 негізгі орта мектеп, жетекшісі: Амрина Гульмира Слямовна.
Конференцияға қатысқан елу оқушыға электронды материалдар жинағы мен сертификаттар, жеңімпаз оқушы жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.
К.З.ЖАМАНБАЕВА
«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы