Home » Ашық сабақтар » Өнегелі отбасы

Өнегелі отбасы

Керекті көрнекіліктер: гелді шарлар, баннер, фоторамка, кітап, гүл, ваза,проектор, орындықтар, аппаратура.
Шараның мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасыдағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасылық құндылықтың қандай болатының дәлелдеу, болашақ ұрпаққа көрсету. Отбасындағы еңсесі биік, атағы шыққан  ұлдар мен қыздарды ұлықтай отырып, құндылықтарын сақтауға үйрету.

Кездесуге шақырылған: Чемпионның отбасы, психолог, оқушылар.

Жүргізуші:

Сәлем, ата –алтын күн

Сәлем, қарты халқымның!

Бақытты болып балалар,

Ашық болсын күніңіз!

Жайнай берсін жүзіңіз!

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар жалынды жастар және де біздің спортшылармыз! Отбасы күніне арналған «Өнегелі отбасы» аталатын кешкі кездесуімізге қош келдіңіздер!

Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым –отбасы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Отбасының береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі. Сондай үлгі тұтарлық отбасылардың бірі, білдей бір чемпионды тәрбиелеп отырған – Нарбаевтар отбасы.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана

Көркіне ақылы да сай келетін

Нарбаевтар отбасы ортамызда (отбасы қол ұстасып балаларымен келіп жайғасады)

Нарбаев Сапарғали мен Кенжебаева Элеонора есімдері. Өздерінің өмірлік мақсаты мен мұраттары айқын. Отасқандарына15 жыл толып отыр. Ғұмырларын балаларының тыныс тіршілігіне арнап, кемшілігіне күйініп, жетістігіне сүйсінген,елге танымал ұлдары бар, қадірі мен құрметі жарасқан сыйлы жандар.

Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Осындай ұлағатты, асқар тау әкелеріміз бен аналарымыз тәрбиелеп отырған бүгінгі кештің қонақтары Әбілханымыздың ата-аналары Сапарғали ағамыз бен Элеонора апаймыз аман болыңыздар.

Сонымен қатар, осындай спортшыны тәрбиелеп, баптап келе жатқан бапкері — Алдабеков Айтжан ағамызда ортамызда. Бүгінгі күні саламыздың тізгінін ұстап, қызығы мен шыжығын бірдей көріп, таеквандо бөлімінің шәкірттерін тәрбиелеп келе жатырсыз. Сізге мың алғыс!

Құрметті аға апай осылай шақырғанда келгендеріңізге көптен-көп рахмет. Қош келдіңіздер!

Экранға назар аударыңыздар(слайд қосылады)

Жалпы қашан отау құрдыңыздар, өздеріңіз жайлы айта отырыңыздар.

Міне жігітке жеті өнерде аз дегендей, бүгінгі кездесуіміз Отбасы күніне орай ұйымдастырылып отыр, біраз ғана уақыт өтті біздің Әбілхасанымыздың жеңімпаз болып туымызды шет елде желбіретіп келе жатыр

Жігітке ақыл, білім жарасады

Нағыз ер халқыменен санасады

жарыста бар күшін салып

жеңіп келген

Әбілхасанымыз әрқашан намысқа тырысады

Енді кезекте менде көптеген  сұрақтар туындап тұр, ортамызда отырған оқушылармызға да қызықты болып отыр деген ойдамын? Жалпы бізге барлық баланың өмірі, спортқа не себепті келгендері өте қызық.

Осы қызығы мен қиындығы қатар жүретін спорт түріне кім себеп болды? Не себеп болды? Қай жасыннан бастадын?

1.Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде есімін кім қойды?

  1. Кішкентай кезінде қандай бала болды?
  2. Спортқа келеді деп ойладыңыздар ма?

4.Еркелетіп айтқанда қалай еркелетесіздер?

Элеонорадай анамызаман болсын деп мен сіздерге бір ән арнап берсем қалай қарайсыздар! «Бақытты әйел» әні тек қана аналарымыз үшін.

Менің білуім бойынша Әбілхасан бірталай жерлерде жарыста болып келген екен, жарысқа кеткен кезде қалай шыгарып саласыздар?

Ал, Әбілхасан жеңдім деп сіздерге хабарласқан кезде қандай күйде болдыңыздар?

Болашаққа зор үмітпен қарайды

Нарбай атты ұлы атадан тарайды

Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,

Өнегелі отбасы да келіп қалды – дей келе, отраға Баймурзин Архат пен Миразат Айбатырды ортаға шақырамын.

(әке ана туралы өлең жолдары оқылады)

Отбасы –бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Ендігі кезекте аға апай жалпы қызықты сұрақ айдары?

  1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз
  2. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі қандай
  3. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
  4. Күйеуіңіз жұмыста, кешігіп жатыр, кешкі тамаққа дайын емес. Сіздің әрекетіңіз?
  5. Сіздің күйеуіңізді досы өзімен бірге бір жерге баруын өтініп тұр, Алайда бүгін сіздің әпкеңіздің туған күні.
  6. Тойда сіздің әйеліңіз күйеуіңіз жақсы көңіл көтеріп билеп жүр. Сіздің әрекетіңіз?

Ортамызға таеквандо бөлімінің жігіттерін шакырамыз.

Келгендеріңізге көптен-көп рахмет. Біздің атымыздан әдемі гүл шоғы апайымызға және де ағамызда

Ендігі кезекте, құттықтау сөз кезегі психолог Гулмира Дүйсенбекқызына беріледі.

Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

Авуталив Гүлбаршын
Нұр-сұлтан қаласы, «Қажымұқан Мұңайтпасов
атындағы олимпиада резервінің республикалық
мамандандырылған мектеп – интернат колледжі»
РММ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.